Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Мысырдың діни лидерлерімен кездесті
17.01.2018, 13:07

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Мысырдың діни лидерлерімен кездесті

2018 жылғы 14-15 қаңтар аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Каир қаласында жұмыс сапарымен болып, онда Жоғарғы имам Шейх Әл-Азхар Ахмад Ахмад-Ат-Тайеб, Коп православ шіркеуінің басшысы Папа Тавадрос II, Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар істері жөніндегі министрі Мұхтар Жұма, Мысырдың Сыртқы істер министрінің мәдени және дін мәселелері жөніндегі орынбасары Хибо Әл-Мараси, сондай-ақ Азия істеріне қатысты орынбасары Халид Саровпен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz.

Кездесулер барысында діни қызметті реттеу саласында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары, соның ішінде «Нұр-Мүбарак» университетінің қызметін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасып, пікірі тыңдалды, сондай-ақ Мысыр тарапының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті алтыншы Съезіне қатысу мәселесі талқыланды.

Сонымен бірге Б.Арын сұхбаттасушыларды Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды, онда Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік және экономикалық жетістіктері – азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім бұл біздің басты құндылығымыз болып қала береді деп атап көрсетті.

Бұдан басқа, Съездің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл ретінде Б.Арын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съез Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан биылғы жылдың күзі айында Астанада «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысуға шақыру хаттарын Министр М.Жұмаға және Папа Тавадрос II-ге тапсырды.

Вице-министр Мысырдың дін көшбасшыларының әлемдік беделін ескере отырып, осы маңызды дінаралық форумда Мысыр тарапынан, оның ішінде Шейх Әл-Азхар мен Папа Тавадрос II-нің жоғары өкілдігінің қатысуына үміт білдірді.

Тараптар Қазақстан мен оның көшбасшысының дүние жүзіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі дін көшбасшыларының күш-жігерін біріктіру жөніндегі қадамдарын жоғары бағалады. Олар алдағы Съездің тақырыбына үлкен қызығушылық танытып, форумға жоғары деңгейде қатысатындықтарын айтты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер