Показать содержимое по тегу: шаш күтімі
Бауырдың қабынуына алкогольді ішімдіктер ғана зияндық етпейді. Шашқа арналған бояулар да бауырдың зақымдануына себепкер болады екен. Бұл туралы Лондон университетінің зерттеушілері хабарлап отыр.
Әрбір адам жұмсақ, жылтыраған шашты армандайтыны шындық. Бұған қол жеткізу үшін түрлі сусабындарды, гельдерді, бальзамдар мен кондиционерлерді пайдаланамыз, әжелеріміздің әдістеріне де көшеміз, болмаса жеке шаштаразымызға жүгінеміз. Алайда денеміздің әр мүшесі секілді шаштың саулығы үшін де дұрыс тамақтану маңызды орын алады.
Шаш өзге дене мүшелеріміз сияқты біздің айналамыздағы барлық оқиғалардың куәсі болады. Сол себептен адамның көңіл күйіне байланысты шаштың түсі де өзгеріске ұшырап отырады екен. Жан дүниеңізде көңілсіздік орнағанда немесе науқастанған кезде шаштың түсуі жиілей береді. Сондықтан шаштаразға барарда жұлдыз жорамалдарға да мән берген дұрыс.
Егер сіз шашыңызды химиялық жолмен «қинаған» болсаңыз, шашты әр жуған сайын оған маска жағып жүргеніңіз дұрыс. Дайын масканы дүкеннен сатып аласыз не өзіңіз арнайы дайындайсыз. Тиімді және әсерлісі өзіңіз дайындаған маска болмақ. Біз ұсынатын маскаға назар аударыңыз.Шашты химиялық жолмен бұйралау мен бояу шаштың нәрін кетіріп, сынғыш болып қалады және өте көп түседі. Бұл ешкімге де ұнай қоймасы анық.
Қыс мезгілі келісімен шашымыздың «ауа райы» да өзгере бастайды. Үйдегі, ғимарат ішіндегі жылу жүйесінен бөлінетін құрғақ ауа салдарынан шаш құрғайды, электрленеді, оған көшедегі аяз соққысы қосылады. Нәтижесінде майлы шаштар одан сайын майланып, құрғақ шаштар тіптен өңінен айрылады, ұштанады, көп түседі. Қыстың қыңыр мінезді күнінде де шашыңыздың жібектей жұмсақ болып, жылтырап тұруын сақтаудың бірнеше амалдарын жадыңызда жаттай жүріңіз.