Показать содержимое по тегу: адам көркі
Қыс мезгілі келісімен шашымыздың «ауа райы» да өзгере бастайды. Үйдегі, ғимарат ішіндегі жылу жүйесінен бөлінетін құрғақ ауа салдарынан шаш құрғайды, электрленеді, оған көшедегі аяз соққысы қосылады. Нәтижесінде майлы шаштар одан сайын майланып, құрғақ шаштар тіптен өңінен айрылады, ұштанады, көп түседі. Қыстың қыңыр мінезді күнінде де шашыңыздың жібектей жұмсақ болып, жылтырап тұруын сақтаудың бірнеше амалдарын жадыңызда жаттай жүріңіз.