Показать содержимое по тегу: Денсаулық
14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін елорданың "қызыл" мәртебесі бар тағы 24 тұрғынына 30 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Қимыл белсенділігі салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысу — көптеген аурулардың (инсульт, инфаркт, астма т.б.) алдын алуға септігін тигізіп, адамның барлық мүшелері мен жүйелеріне (эндокринді, экзокринді, жүйке — жүйесі, қан — тамыр жүйесі) тікелей әсер етіп, ағзаның қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауынша, дене белсенділігі – бұл жұмыс, ойын, үй жұмысын орындау, іс-сапар кезіндегі белсенділікті қоса алғанда, энергия шығынын талап ететін қаңқа бұлшықеттерімен атқарылатын дене қозғалысы.
Дене шынықтыру жаттығуларын аэробты, анаэробты және икемділікке арналған жаттығулар деп бөлуге болады. Аэробты жаттығуларға орташа қарқынмен велосипед тебу және жүгіру, би, жүзу жатады. Анаэробты жаттығуларға тренажерлерда және арнайы құрал көтеру арқылы жасалатын, жоғары қарқынмен велосипед тебу немесе жүгіру және т.б. жаттығулар жатады. Икемділікке арналған жаттығуларға әртүрлі физикалық кешендер жатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыны ұсынатын дене белсенділігімен айналысу қағидалары:
- 5-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер дене белсенділігіне күніне кемінде 60 минуттан уақыт бөлуі тиіс. Қаңқа-бұлшықет жүйесін дамытуға бағытталған дене белсенділігімен аптасына кем дегенде үш рет айналысу керек.
- 18-64 жас аралығындағы ересек адамдарға дене белсенділігіне кемінде 150 минут, ал 65 жастағы және одан үлкен жастағы ересек адамдарға аптасына 150 минут немесе аптасына кемінде 75 минут уақыт бөлу ұсынылады. Негізгі бұлшықеттер жұмылдырылған күш жаттығуларын аптасына екі рет немесе жиі орындау керек.
Дене жаттығуларының артықшылықтары:
- сымбатты түзейді;
- жүрек пен өкпе жұмысын жақсартады;
- дене күші артады;
- дене төзімділігі артады;
- буындардың иілгіштігі, буындардың, байламдардың ең жоғары амплитудада қозғалысты қамтамасыз ету қабілеті артады;
- бұлшық ет тонусы артады, бұл дегеніңіз дене жаттығуын жасайтын адам денесін тік, дұрыс ұстайды деген сөз;
- иммундық жүйе нығайып, қан айналымы жақсарады, қандағы холестерин мөлшері азаяды;
- іш қату, жамбас қуысындағы көтеуге алып келетін қан айналымының бұзылыстары жойылады;
- жағымды көңіл-күй пайда болады;
- негізгі алмасу үдерістері жақсарады, демек, қышқылдану үдерістері күшейіп, жасушааралық кеңістікте қалдықтар аз шөгетін болады.
Дене жаттығулары пайдалы болуы үшін денеге түсетін күш адамның жасына, салмағына, бойына лайық болуы; жаттығу кезінде жүрек соғысы минутына 120-130 рет соғуы; шамадан артық шаршамау; дене қимылы адамға тек қуаныш, рахат сезімін сыйлауы керек және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысу шарт.
Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
Нұрсұлтан Назарбаев аурудың алдын алу маңызды екенін және ұлттың дені сау болуы үшін азаматтардың маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын. «Денсаулықты жақсартуға адамдардың өзін тарту қажет. Адамның денсаулығы тек 10-15% медицинаға тәуелді. Одан басқасы түгелдей адамның өзіне байланысты» деген еді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы тұрғындар арасында саламатты өмір сүру салтын насихаттау мәселесіне баса басымдық беріп, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа жеткізу міндетінің маңызды екенін атап көрсеткен еді.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жоспардағы күн тәртібінен тыс денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың менингококк инфекциясының таралуына байланысты орын алған жағдай туралы баяндамасы тыңдалды.
Біріккен Араб Әмірліктерінде түйе сүтінен энергетикалық сусындар, балмұздақ, құрғақ қоспа сында түрлі өнімдер дайындалуда, деп хабарлайды islam.kz.