Әлемдік валюталар қатарына Қытай юаны да қосылды
01.10.2016, 11:13

Әлемдік валюталар қатарына Қытай юаны да қосылды

Бүгіннен бастап юань ресми түрде халықаралық резервтегі валютаның бірі, деп хабарлайды baq.kz.

Яғни, бұдан былай төрткүл дүниені билеген ақша төртеу емес, бесеу болмақ. Қытай ақшасы юань жапонның иені мен британ фунтын ысырып, 11 пайыз үлеспен 3-ші орынға шықты. Яғни, жаһандағы сауда-саттықтың оннан бірі енді осы юаньмен жасалады деген сөз. Ал бірінші орында әдеттегідей – доллар. Ол жалпы қаржы нарығының 40 пайызын құрап отыр. Сұранысы соңғы кезде әлдеқайда азайған еуро 37 пайыздан 31-ге төмен түскен. Сарапшылар Еуроодақтың төл валютасы әрі қарай да төмендейді деген пікірде. Өйткені, халықаралық сауда-саттықта онымен есеп айырысу бұрынғыдай ұтымды болмай қалған көрінеді. Ал, күшейген қытай ақшасын халықаралық қаржы қоры лезде әлемдік резервтік валюталар қоржынына кіргізіп қойды.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер