Айына қанша теңге тапсаң, білімің де сонша тұрады!
09.03.2018, 12:04

Айына қанша теңге тапсаң, білімің де сонша тұрады!

Танымал блогер Нұрлан Жанай өзінің фэйсбук парақшасында қазіргі ұтымды мүмкіндіктерді пайдаланып баюға, кедей болмауға шақырды, деп хабарлайды silteme.kz AA.

"Әлем сондай қарқынмен дамып жатыр, оқитын-үйренетін білім көп. Қолымыз барлық ресурсқа жетіп тұр, бұндай кезде жетістікке жетіп, байып қалмасақ, 35-40 жасқа келгенде кедей болғаныңа ешкімге өкпелеудің қажеті жоқ. Себебі барлық мүмкіндік те, басқасы да дәл қазір интернетте толып тұр.

Өткенде тендермен айналысатын Нұрлан Бәйділдә деген жігіт айтты, "жігіттер, өмір бойы оқи берудің қажеті жоқ, сен егер айына қанша теңге тапсаң, білімің де сонша тұрады деген сөз" деп. Қазір Фейсбукта "мемлекет бәрімізге жағдай жасау керек, шенділер ақшаны жеп жатыр" деушілер көп, осылай өмір бойы айтып отыра беруге болады, дәл сол кезде уақытын басқа дүниеге жұмсап, жағдайын жасап жатқан адамдар бар. "Егер айналаңды өзгерте алмасаң, өзіңді өзгерт" дейді. Өз басым айтудай-ақ айттым, жазудай-ақ жаздым, онымен өзгеріп кеткен жүйе де, билік те жоқ, одан да сол энергиямды білім алып, соны сатуға жұмсағаным абзал деп шештім.

Тағы бір мәселе бар, осында 5-6 жылдан бері ұлт, тариx, дін туралы жазып отырған жандарды білемін. Сол үш тақырыпта көп ізденудің, кітап ақтарып, интернеттен жаңа білім алудың қажеті жоқ, осыған дейін көрген-білген, әркімнен іле-шала естіген мәліметіңмен өмір бойы пікір таластыра беруге болады. Ал нарыққа қарасаң, бұл жақта мүлдем басқа ереже жүріп жатыр. Сенің ұлтыңа, тариxыңа, дініңе қарап, ешкім клиент бола қалмайды, бұнда қызметің мен тауарың сапалы болса, клиентке керегі сол" деп атап өткен ол.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер