Показать содержимое по тегу: тіл
Бүгін бұл дүрмектің бірінші легі курсты толық аяқтағандықтары туралы сертификаттарын алды.
Бұл туралы «United Citizens Fund» қоғамдық қорының төрағасы, мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров өзінің фэйсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды silteme.kz AA.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне 2025 жылға дейін біртіндеп көшу керек екенін айтқан болатын. Демек, бұл мәселеде асығыстыққа жол беруге болмайды. Осыған дейін қабылданған нұсқаларда ғалымдар тарапынан асығыстық байқалды. Әлеуметтік желілерде біраз талқыланды. Сыни пікірлер айтылды. Әліпбиге байланысты өзімді толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде ой бөлісуді жөн көрдім. Кейбір әріптерді таңбалауды әлде де жетілдіруде септігі тие жатар.
Кірме сөздердің табиғатын тану үшін тіл және сол тілдің қолданысы сияқты екі әлеуметтік-лингвистикалық шындық арасындағы айырмашылықты түсінудің маңызы зор. Тіл – белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және ұлттық дыбысталуы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйесі.
Биыл ақпан айының соңында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған кезде салаға қатысты бірқатар мәселелерді сөз етіп, соның ішінде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту жөнінде нақты тапсырмалар берген еді. Президент өз сөзінде «Үкімет пен Парламент өз жұмысын мемлекеттік тілде жүргізуі тиіс» дей келе, жиындарды ілеспе аудармамен қамтамасыз ету жайын да тілге тиек еткен болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлт тіліне де баса көңіл бөлгені белгілі. Жалпы мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласына кеңінен қолданысқа енгізу мәселесі күн тәртібінен бір сәт түскен емес. Бұл ретте тіл білу деңгейін бағалау жүйесінің де атқарар рөлі ерекше. Төменде Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы, педагогика ғылымының кандидаты Мәншүк Мұқаметқалимен болған сұхбат оқырмандар назарына ұсынылып отыр.