Показать содержимое по тегу: ғылым
«Қазақстанның аграрлық секторы кеңес кезеңіндегі деңгейден аспай, кенжелеп қалған» деген әңгімені жиі естиміз. «Агросекторға алдыңғы қатарлы жаңа технологиялар енгізу ісі дұрыс жолға қойылмаған» деген пікірді алға тартатындар да жоқ емес. Шын мәнінде солай ма? Біз бұл сұрақтың жауабын білу үшін «Іскер Talks» жобасы аясында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті аз-кем әңгімеге тартқан едік.
«Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді» деген мәтел бар. Бірақ біреудің жоғы біреулерге тіпті іздемесе де табылатыны тіпті қызық. Бұл тұрғыда нақты, белгілі бағытпен ізденген көп адамдар тіпті аянышты көрінеді. Алғашқы мотоциклді жасаған өнертапқыш Сильвестр Роупер сол мотоциклімен аударылып ажал құшты. Алғашқы сүңгуір қайықты жасаған Гоурас Лоусон сол сүңгуір қайығымен қоса суға кетті. Франц Райхелт өзі жасап шығарған парашютті сынауға Эйфель мұнарасынан секіріп, опат болды. Бірақ біздің бүгінгі әңгімеміз – жаңалықты сұрамаса да өзі іздеп келген бақытты ғалымдар мен өнертапқыштар туралы болмақ.
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ.
Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» – дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық!
©Абай Құнанбайұлы