Ғалымдар 100% жігітке қандай қыздар ұнайтынын анықтады. Олар қандай қыздар?
04.02.2021, 10:48

Ғалымдар 100% жігітке қандай қыздар ұнайтынын анықтады. Олар қандай қыздар?

Өзіңіз армандаған жігіттің жүрегін жаулағыңыз келсе, төмендегі ақыл-кеңестерді кәдеңізге жаратыңыз.

Бұл туралы humourandfacts.ru порталына сілтемемен stan.kz басылымы жазды.

“Жігіттерге қандай қыздар ұнайды?” деген сауалды әрбір бойжеткен өзіне қойып көрген шығар?! Ғалымдар бұл сұрақтың жауабын тапты. Бір қызығы, оларды еліктіретін қыздың бойында бір ғана ұнамды қасиет бар екен. Ол біз өкше туфли немесе мінсіз сұлулық деп ойласаңыз, қатты қателесесіз.

Зерттеу нәтижесі бойынша, ер азаматтардың бақыттың құшағында жүретін қыздарға ғашық болатыны анықталған. Таңқалып тұрсыз ба? Расымен де, таңқалатын ешнәрсе жоқ. Кез келген адам себепсіз қуанып жүрген жанды көріп, өзін оның қасында бақытты сезінетінін біледі. Табиғатымыздан сәл де болсын эгоист екенімізді мойындайықшы! Жар таңдай отырып, біз бірінші кезекте өзімізді ойлаймыз.

Әрине, бақытты әр адам түрліше түсінеді. Бірақ, олардың бойында белгілі бір қасиеттер бар екенін жадымыздан шығармайық. Олар үнемі күлімсіреп, қиналған жанға қол ұшын созуға әзір тұрады. Қайғылы оқиғалардың да ұтымды тұстарын тауып отырады. Ең бастысы, сүйіктісіне жеңілдік әсерін сыйлайды. Қыздарға да дәл осындай жігіттер ұнайтынына сенімдіміз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер