Показать содержимое по тегу: Отырар ауданы
1990 жылы қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданында Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепті күміс белгіге бітірдім. Бір ғана орыс тілі пәнінен «4» болып, қалған сабағымның бәрі «5» болған. Мектепте оқып жүргенде мақала жазып жүретінмін. Соны ары қарай жалғастырайын деген оймен ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне құжат тапсырдым. Сол кезде бір тәртіп бар еді, алғашқы емтиханнан «5» деген баға алса, қалған үш емтиханды тапсырмайды. Сонымен, бірінші емтихан шығарма болды, одан «5» алып, оқуға түсіп кеттім. Осылайша журналистика факультетінің студенті болып шыға келдім.
Бүгін ОҚО Отырар ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» және «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты акциялары аясында қайта жаңғырған көшелердің, ауылдық саябақтың салтанатты түрде тапсыру шарасы болып өтті, деп хабарлайды silteme.kz.