Жұлдызды күнгі қуаныш
22.11.2016, 14:19

Жұлдызды күнгі қуаныш

Бүгін ОҚО Отырар ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» және «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты акциялары аясында қайта жаңғырған көшелердің, ауылдық саябақтың салтанатты түрде тапсыру шарасы болып өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Тәуелсіздік күні қарсаңындағы қуанышты шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, ауыл тұрғындарын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтап, қол жеткен Тәуелсіздігіміз бен Тұңғыш Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында осындай игілікті істердің алдағы уақыттарда да өз жалғасын таба беретіндігін жеткізді.
Саябақтың ашылу салатанатындағы лента қию құрметіне ауыл ардагерлері К.Қаныбеков пен Т.Асановтар ие болды. Аумағы 10 га жуық алқапты алып жатқан саябаққа 4000-ға жуық түрлі ағаштар егілген болатын.
Ширек ғасырлық Тәуелсіздігіміздің мерейлі мерекесіне тарту болған аталмыш нысандарға тұрғындар дән разы болып, ауыл имамы П.Сапарбаев ақ батасын берді.
Шара соңы ауыл өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер