Алматыдағы Әуезов театрына жаңа директор тағайындалды
12.02.2018, 15:24

Алматыдағы Әуезов театрына жаңа директор тағайындалды

Алматыдағы Әуезов театрына жаңа директор тағайындалды zaleskiy.com

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Асхат Максимұлы Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды», - деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Асхат Максимұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. 2008 жылы Сорбона университетінің магистратурасында білім алып, Франциядағы Париж Ұлттық драма өнері консерваториясында тағылымдамадан өткен. 2010 жылы Мәскеудің атақты жоғарғы оқу орны ГИТИС-те - Ресей театр өнері академиясында «Режиссура магистрі» ғылыми атағын алды.

2015 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының докторантурасын тәмамдап, «Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық пен жаңашылдық (1991-2015 жж.)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, «Философия докторы» ғылыми дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын А. Маемиров Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастаған. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде «Актерлік өнер» бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінің деканы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының доценті болды. Қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымдардың бірі - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымын басқарды. Бүгінгі тағайындауға дейін А. Маемиров елордалық «Астана мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі болды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер