Елордалық театрлар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мыңнан астам қойылым мен іс-шара өткізді
02.01.2022, 22:19

Елордалық театрлар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мыңнан астам қойылым мен іс-шара өткізді

Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан елорданың мәдениет мекемелері жыл бойы онлайн іс-шараларды белсенді өткізді. Карантин жағдайында театрлар көрермендермен өзара байланыстың жаңа түрлерін ашты, онлайн-гастрольдер, инстаграм-спектакльдер ұйымдастырылды, онлайн-радио құрылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық мәдениет басқармасы 2021 жылы әлеуметтік желілерде ведомствоға қарасты мәдениет мекемелерінің интернет-ресурстарында әртүрлі іс-шаралар өткізілгенін, сондай-ақ «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында көрсетілгенін атап өтті. Олар – қоғам қайраткерлерінің, ақындардың, жазушылардың, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін инстаграм-конкурстар, монологтар, ақпараттық жарияланымдар, бейнесюжеттер, мастер-кластар, тікелей эфирлер және тағы басқалар.

2021 жылдың 15 қазанында «Жастар» театрының базасында Қазақстандағы алғашқы инклюзивті «Қанаттылар» театры ашылды. Шығармашылық топқа Арнұр Ысқақов жетекшілік етеді. Ерекше театрда 20-ға жуық әртіс жұмыс істейді, оның ішінде 8 адам нашар естиді, 5 адам арбамен жүреді, 3 нашар көреді және 2 БЦП. Сондай-ақ олармен сурдоаударма маманы жұмыс істейді.

2021 жылдың 28 қазанынан 3 қарашасына дейін Нұр-Сұлтанда «TеатрALL» халықаралық театр фестивалі өтті. Оған елорданың 12 театры, сондай-ақ Ресейдің 2 театры (С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық Орталық қуыршақ театры және Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры) қатысты. Ауқымды шара аясында көрермендер шығармашылық ұжымдардың 30-дан астам үздік қойылымын тамашалады.

Айта кету керек, 2021 жылы елордалық театрлар 1000-нан астам спектакль мен өзге де іс-шаралар өткізді, оның аясында 150 мыңнан астам көрермен қамтылды. Сол сияқты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында 30 премьерлік қойылым ұсынылды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер