Показать содержимое по тегу: АҚалназаров
3 мамырда Нұр-сұлтан қаласы Қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында «Sarap» эксперттік клубының «Референдум 2.0: эксперттік пікір» тақырыбында отырыс өтті. Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.
Бүгінгі қазаққа «зәр», «зәрлі», «зәрлілік» сөздері етене таныс. Оларды түсіндіріп жатудың өзі артық.
░ ▒ ▓ ▌█ ▉ ▇ ▆ ▅ ▄ ▃ ▂▁
1947 жылдың мамыр айында Сыр бойындағы Қанттоғайда руы Божбан Халық деген кісінің әйелі ұл табады. Аттары кілең «ханмен» аяқталатын ағаларына ұйқастырып, қасиетті күні дүниеге келген сәбиге «Жұмахан» деген есім беріліпті. Бұл кейіннен бүкіл Отырар жұртшылығына басқа өнерлерінен бөлек, атсейістігімен де кеңінен танымал болған азамат еді.
Дүниеден өткеніне әлденеше жыл болған осы бір дегдар жанға қатысты бүгінде ел ішінде аңызға бергісіз естелік әңгімелер көп-ақ. Негізінен олар марқұм ағамыздың ат бапкерлігі, сыншылығы, құлынынан жүйрікті, додапаз тұлпар танығыштығының айналасында өрбиді.
Бүгінгі Түркістан облысы, Отырар ауданында мәдениет (театр актері) пен атбегілік өнерін қатар ұстанған Жұмахан Халықұлы атты азамат өткен. Өзінің бізге құда болып келетіні де бар. «Шүберегім қара болғанымен ішім ақ» деп отыратын ол кісі қайтқанда бүкіл ел-жұрт қайғырған. Ол ұтымды сөздері, ақ пейілділігі мен қарапайымдылығы, еңбекқорлығы мен адалдығы, белсенділігімен ел құрметіне бөленген жан еді. Әсіресе, марқұмның ата-бабасынан дарыған жылқы малына байланысты сыншы-білгірлігі, «Бұл өмірде сәйгүліктен асқан сұлулық жоқ» деген ел ішінде қанатты сөзге айналып кеткен пайымы таң қалдырмай қоймайды.