Қалыңдыққа той алдындағы кеңес
26.12.2017, 13:05

Қалыңдыққа той алдындағы кеңес

Үйлену тойы қаншалықты көңілді әсер мен қуанышты көңіл-күй сыйлағанымен, тойға дейін уайымға, қорқыныш пен күдікке, ашушаңдыққа әкелетін сәттері болады.

Той дайындығына екі жастың отбасы мүшелері толықтай білек сыбана кіріседі. Тосын оқиғаларды болдырмау үшін барлығын жан-жақты ойластырып, дайындық жасайды. Осы кезеңде ең үлкен жауапкершілік қалыңдық пен күйеу жігітке түседі. Әсіресе нәзік жандылар қауымы үйлену тойының ерекше, ғажап өткенін қалайды. Сондықтан да, қалыңдық той дайындығында, әсіресе соңғы аптасында мазасыз күйге түсіп жатады. Ол барлығын өз ойындағыдай болғанын қалайды, сондықтан барлығына күдікпен, қорқынышпен қарайды. Осы тұрғыда қалыңдықтарға той алдында не істеуге болады, ал не істеуге болмайтынын айтамыз.

Дайындық. Қалыңдық той күніне бір апта қалған уақыт аралығында мазасыздықтан жалдаған, алдын ала жазылған мердігерлерге жиі хабарласып, болмашы сұрақтар қойып жүйкеңізді құртпауға тырысыңыз. Тапсырған гүлдеріңіз дайындалды ма немесе букет дайындау үшін гүлдер болады ма? Бет әрлеушіңізге, шаш үлгісін жасайтын шеберіңізге той күнін еске салу мақсатында жиі қоңырау шалып, бет әрлеуге керекті опа-далаптарды айтып хат жазуға болмайды.  Өзіңіз қалап таңдаған мамандарға сенім артыңыз.

Қалыңдық бір апта бұрын той жоспарын қолына алып тағы да бақылау жасап шығуы керек. Келіскен мамандарға хабарласып бір рет тексеріп алған жөн. Барлық сұрақтарыңызды қойып, анықтап алаңыз. Өзгерістер болса ұйымдастырушылар мен мамандарға алдын ала ескертіңіз. Төлену керек қаржы құнын анықтап, дайындап қойыңыз. Ал қалған бір апта уақыт ішінде өзіңізге көңіл бөліңіз. Ұсақ-түйекке алаңдап, мазасыданбаңыз. Құрбыларыңызбен жиі кездесіп, отбасыңызбен көңілді уақыт өткізіңіз.

Күтім. Қалыңдық той алдында сыртқы бейнесін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдауына болмайды. Себебі, тойға бір апта қалғанда өзгерістер жасау тым кеш. Бұл өзіңізге ұнамайтын салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, шашыңыздың үлгісін өзгерту, дене бітімін әдемі ету үшін ашығу және т.б. Бұл той алдында денсаулығыңызға және сыртқы келбетіңізге кері әсерін тигізуі мүмкін.

Соңғы бір апта ішінде демалуға тырысыңыз. Ұйқыңыздың қануына, дұрыс тамақтануға, ауыру-сырқаудан сақтануға тырысыңыз. Спа салондарға, тырнақ шеберлеріне барып арнайы тынығуға тырысыңыз. Той күні айтатын әніңіз немесе сөзіңіз болса тыныштықта дайындалуға, сүйіктіңізбен қалыпты жағдайда уақыт өткізуге болады. Той күні киетін туфлиді бірнеше рет киіп шығуға тырысыңыз. Себебі, той күні жаңа киілген аяқ киім қолайсыздық тудыруы мүмкін. Демалуға көңіл бөліңіз.

Соңғы кеңес. Жақындарыңыздың, құрбыларыңыздың кеңесіне көмегіне жүгінемін деп өз қалауыңыздан бас тартпаңыз. Бұл сіздің тойыңыз, ол сіздің ойыңыздағыдай өтуі керек. Әр нәрсеге күмәндануға болмайды. Сенімді болыңыз. Той алдында өтетін құрбылармен қоштасу кешін той күніне бір-екі күн қалғанда өткізуден бас тартыңыз. Оның кері әсерлері болу мүмкін.

Айтылған ақыл мен кеңестерді дұрыс қабылдауға тырысыңыз. Дегенмен, бір апта қалғанда өзгеріс жасауға тырыспаңыз. Бар ұйымдастырылған жоспарды сол күйінде қабылдауға және сабырлы болуға тырысыңыз. Той күні еш жағдайдың көңіліңізді түсіруіне жол бермеңіз. Тіпті болған күннің өзінде той шараларын көңілді қабылдауға тырысыңыз. Бұл сіздің өміріңізде бір рет қана орын алатын оқиға. Ендеше еш жағдайдың көңіл-күйіңізді түсіруіне жол бермеңіз. Бұл сіздің күніңіз!

Қайнар көзі: toibiznes.kz 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер