Ақшақар Аяз атаның немересі ме, әлде әйелі ме? Аңыздар не дейді?
28.12.2017, 09:17

Ақшақар Аяз атаның немересі ме, әлде әйелі ме? Аңыздар не дейді?

Айгерім Сматулаева Айгерім Сматулаева massaget.kz

Аяздың сенімді серіктерінің бірі - Ақшақар атты ару қыз. Ақшақар - әрбір елде кездесе бермейтін кейіпкер. Көбіміз оны кішілерге Аяз Атаның немересі деп таныстырып жатамыз. Шынында да немересі ме? Бұл жөнінде таластар өте көп. Бұл туралы кезінде massaget.kz порталында жазылған еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз. 

Ақпарат көзінің дерегінше, бұл туралы ел аузындағы аңыздар былай деп сыр шертеді. Ықылым замандарда адамдар өздерінің ең сұлу қыздарын орман елестеріне құрбандыққа беру үшін ағаштарға байлап кететін болған. Аязға үсіп қалған қызды қорек еткен жауыз күштер сол жылы сұрапыл дауылдарды жібермейді екен. Бір күні дәл осындай құрбандық үшін байланған қыз тірі қалады да, Аяз оны өзіне әйел етіп алады.

Кейбір аңыздар Аяз Ата Ақшақарды мұз бен қардан жасап алған дегенді айтады.

Бұл деректердің қайсысы ақиқат, қайсысы аңыз екендігін ешкім дөп басып айта алмайды. Сөйтсе де, Аяз Ата мен Ақшақар біздің бөбектеріміздің асыға күтетін мейірімді кейіпкерлері болып қала бермек.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер