Показать содержимое по тегу: Түркістан
Түркістанды басқарған идеологтар қала концепциясын түсінбей, талай нәрсені қожыратты...
«Түркі әлемінің рухани астанасы қандай бағытта дамуы керек?». Осы және басқа да сауалдарға саяси ағартушы технолог, «Шымкенттің жұмсақ күші» кітабының авторы Абылайхан Қалназаров жауап берді.
«Түркі әлемінің рухани астанасы қандай бағытта дамуы керек?». Осы және басқа да сауалдарға саяси ағартушы технолог, «Шымкенттің жұмсақ күші» кітабының авторы Абылайхан Қалназаров жауап берді.
Иісі қазақты айтпағанда, түркі-мұсылман жұрттарында Қожа Ахмет Ясауиді білмейтіндер кемде-кем шығар. Білгенде де түркістандық «Ясауи» әулие деп танитыны мәлім. Ал осы сөз қайдан шыққан?! Көп әдебиеттерде айтылып жүргендей сол заман рәсіміне сай тұрғылықты жерінің атауымен «ясылық» дегенді білдіре ме?
Биыл Түркістан жаңа статусқа ие болып, өзінің 1500 жылдық даму тарихында жаңа парақты ашқанына тура 1 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде түркістандықтардың өмірінде біршама өзгерістер орын алып үлгерді, жоспарланып отырған істер де қыруар. Бірақ облыс тұрғындары алдында шешілмеген проблемалар бар және еліміздің тарихындағы ең жас облыс орталығы олардың түйінін қалай таба алатындығын қарап көрелік.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында депутаттардың қарауына Шымкент қаласы халқының бір миллионға жетуіне орай, оған ерекше мәртебе беру, облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру және осыған байланысты облыстың, Түркістан, Кентау қалаларының шекараларына өзгерістер енгізу мәселелері ұсынылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.