Үндеу

Показать содержимое по тегу: Үндеу

А.ж. 7 сәуірде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын қолдау және іске асыру жөніндегі бірлескен отырысы өтті.

Опубликовано в Шешімгер

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын қолдау және жүзеге асыру жөніндегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірлескен

ҮНДЕУІ

Опубликовано в Әралуан

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша қазақстандықтарға арнаған

ҮНДЕУІ

 

Қымбатты қазақстандықтар!

 

Біз «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі 09.09.2022 бас қоса отырып, туған еліміз – Қазақстан Республикасында жаңару мен жаңғыруға қадам басқан  тарихи сәтте ҮНДЕУ арнап отырмыз.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1 қыркүйек күні  «Білім күні» мерекесімен қатар  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жолдап, «Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын», – деп халықты Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Президент Жолдауда саяси реформаларды және жаңа экономикалық саясатты іске асыру, еліміздің транзиттік қуатын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсарту, білім беру жүйесін дамыту, ең төменгі жалақы деңгейін көтеру, зейнетақы жүйесін жаңғырту, адам әлеуетін дамыту, қоғамда заң үстемдігін берік орнату сынды мәселелерді көтеріп, алдағы уақыттағы еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындап берді.

Халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған тың бағдарламалар ұсынылған бұл Жолдау игілікті бастамалардың бастауы, жарқын болашақтың нышаны болары сөзсіз. Шынында, енді біз Жаңа Қазақстанды құру үшін ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай, бірлігіміз бен ынтымағымызды, татулығымыз бен тұрақтылығымызды және өзара ауызбіршілігімізді көздің қарашығындый қастерлеп, жұмыла жұмыс жасауымыз аса маңызды.

 

Құрметті отандастар!

Бүгінгі геосаяси ахуал – кез келген мемлекет үшін сын. Осы сынды өткере алған, өткеріп қана қоймай, бұл сындардан күшейіп шыққан мемлекеттің болашағы жарқын, ертеңі еңселі, тұғыры биік болары сөзсіз.

Сондықтан, заман ағымынан қалмай дамудың даңғыл жолына түсеміз десек, халықтың әл-ауқаты мен саяси өміріне оң өзгерістер алып келуге бағытталған, үлкен өзгерістерге бастайтын, еліміздің өркендеуіне жаңа серпін және жаңа екпін беретін стратегиялық маңызы бар құжат – Жолдауда  айтылған  міндеттерді іске асыруға баршамыз атсалысып, жұмыла еңбек етуіміз қажет.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады», - демекші, қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс жасап, ерінбей еңбектенейік, ағайын!

 

«Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі»

республикалық қоғамдық бірлестігі

 

9 қыркүйек, 2022 жыл

Опубликовано в Қоғам
Тегтер:

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Опубликовано в Құқық-заң

Риддер қаласының тұрғыны Виктор Смольников баласын қағып өлтірген шенді шенеуніктердің ісін әділдікпен шешуді сұрап, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа видео үндеу жолдады.

Опубликовано в MediaTek
Страница 1 из 2

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер