«3-еуі біреуінде» кофелерінің құрамында сүт те, кофе де жоқ болып шықты
23.04.2018, 12:37

«3-еуі біреуінде» кофелерінің құрамында сүт те, кофе де жоқ болып шықты

«Ресейлік бақылау» танымал 7 компания ұсынатын ««3-еуі біреуінде» кофелерін зерттеп, аталған өнімнің құрамында кофе жоқ екенін анықтады.

Мамандар «Бонкафе Classic», «Express coffee mix plus», «MacCoffee», «Петровская слобода», «Jacobs», «Nescafe классик» және «Clever» маркалы кофелерді тексерген. Анықталғандай, мұндай кофелердің құрамындағы ең көп зат -қант. Ол өнімнің құрамында 47-ден 72 пайызға дейінгі мөлшерде кездеседі. Ал кофенің үлесі небары 15 пайызды құраған.

«Жалпы айтқанда, аталған өнімдер құрамындағы заттар тізімінде кофенің орны төмендеу. Ал «Петровская слобода», «Бонкафе», «MacCoffee The original coffee mix» өнімдерінің құрамында кофе соңғы орында. Бұл дегеніміз, мұндай өнімдер құрамында кофенің аз екенін аңғартады. Демек оның сергітетін әсері де төмен», – делінеді зерттеуде.

Сонымен қатар «3-еуі біреуінде» кофелерінің құрамынан сүт пен кілегей де табылмады. Барлық өнімге сүт пен кілегейді алмастыратын заттар ғана қосылған. Өндірушілердің біреуі ғана кофенің құрамында құрғақ сүт бар екенін көрсеткен. Алайда кофеден оның ізі де табылмады.

Десе де мамандар тек «Бонкафе Classic» кофесін қара тізімге енгізді. Себебі құрамында транс-майлары көп, оған қоса таңбасы күмәнді. Ал «Express coffee mix plus», «Nescafe классик» және «Jacobs» кофелеріне ескерту жасалды.

Өз кезегінде мамандар  «Петровская слобода», «MacCoffee» және «Clever» маркалы кофелерін сатып алуға кеңес берді.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер