Не бәрі 1000 дана шығарылған тәттіні жергілікті шоколад шебері Даниэль Гомеш әзірлеген. Әлемдегі ең қымбат кондитерлік өнімнің құны – 7728 евро, яғни 3 миллион теңге тұрады.
Шоколадты әзірлеу барысында шафран жіптері, ақ трюфель, мадагаскар ванилі пайдаланылған.
23 караттық алтынмен жабылған шоколадты португалиялық шебер Даниэль Гомеш әзірледі.
Португалия жаңалықтары атап өткендей, Даниэль Гомеш шоколадты әзірлеу үшін бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Гомеш әлемдегі ең қымбат саналатын шоколадтан тек 1000 дана ғана жасап шығарды. Әрбір кәмпиттер қара ағаштан жасалған, сондай-ақ лак жалатылған қорапшаға салынған. Қорапшаның өзі Swarovski тастарымен, інжу-маржан және алтын гравюрімен безендірілген. Әлемдегі ең қымбат эксклюзивті шоколад өнімі Біріккен Араб Әмірлігі, Ангола, Аргентина, сондай-ақ Ресейге жіберілді.
Дерек көзі: ktk.kz