Стамбулда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті
21.11.2018, 21:49

Стамбулда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті

Стамбул қаласында (Түркия Республикасы) Ritz-Carlton қонақ үйінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтті. 
Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы.    Сауда-экономикалық миссиясының ресми делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Бөкейханов Нұралы Әлімұлы басқарды.   Қазақстандық делегация құрамында машина жасау, құрылыс, фармацевтика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында 8 ірі тауар өндірушісі болды. Түркия Республикасы тарапынан тиісті салаларға 70-тен астам компания қатысты. Бизнес өкілдері қатарында инжиниринг, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, лизинг және жеке көлік компаниялары, бірқатар бөлшек сауда желілері және т.б. компаниялар болды.    Түрік бизнесмендері ет, шоколад, металл конструкцияларын, бал, мұнай өнімдерін, газды және суды, сондай-ақ қазақстандық басқа да тауарларды импорттауға қызығушылық танытты.   ENKA Group түрік компаниясының өкілдерімен және Петропавл ауыр машина жасау зауыты, «Металлогамма» ЖШС және «IT & M» ЖШС сәтті келіссөздер өткізілді. «ARBZ» ЖШС-нің өкілі «Ozgun Insaat» түрік компаниясымен кездесті, оның барысында тараптар өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді. Сондай-ақ, Қазақ тағамтану академиясында және «Шалқар Еті» ЖШС-де «ШАРМАН» ұлттық азық-түлік тағамдары орталығы сияқты азық-түлік өнімдерінің өкілдері түрік саудагерлерімен және қазақстандық өнімдерге қызығушылық танытатын ірі сатып алушылармен кездесті.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер