Жерден күнге автокөлікпен қанша жылда жетуге болады?
29.12.2017, 10:48

Жерден күнге автокөлікпен қанша жылда жетуге болады?

Бұдан 100-150 жыл бұрын астрономдар әлем жалғыз Құс жолы галактикасынан ғана тұрады деп есептеген. Сөйтсек ғалымдар қатты қателескен екен.

Кейін 100 миллиардтан аса га­лак­тикалардың бар екені анық­талды. Жалғыз Құс жо­лының өзінде ғана Күн сияқты 100 миллиардтан астам жұлдыздар бар.

Біздің ға­ламшарымыз Жер Күнге тәуелді. Ал Жер Күн жүйе­сіндегі 8 планетаны серіктерімен қоса өзіне қарай тартып тұр. Осы 8 планетаның ортасында тұрған Күн бір орында тұрмай, Құс жолы галактикасын айналып жүр. Құс жолы галактикасының ішінде Күн және Күн жүйесіндегі барлық планеталар елеусіз бір нүкте болып қалады. Күн галактиканың ішінде қалыңдығы 1 миллиметр, көлденеңі 80 метр және ұзындығы 10 метр жағалаудағы құмның жалғыз бір данасындай ғана. Көзімізге өте үлкен болып көрінетін Жеріміз болса Күннен 1 миллион есе кіші.

Енді математикаға кезек берелік.

Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлікпен Күнге 170 жылда жетуге болады екен. Себебі Жер мен Күннің орташа қашықтығы 149 миллион шақырымды құрайды.

Ал Құс жолының ішіндегі Күнге ең жақын жұлдыз Альфаға сол көлікпен 3 740 000 жылда жетуге болады екен. Осыған қарап енді қалған жұлдыздардың арақашықтығы қандай алыс екенін байқауға болады.

Дереккөз: kazgazeta.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер