Показать содержимое по тегу: ОҚО
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болды, деп хабарлайды silteme.kz.
Елбасы телекөпір барысында Шымкент қаласындағы «Химфарм» акционерлік қоғамының қатты дәрілер шығаратын цехын іске қосты. Жалпы құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылды. Өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды silteme.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысы ағымдағы жылдың 10 айында салық түсімі бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын 103 пайызға орындады. Белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz.
Бүгін Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды, деп хабарлайды silteme.kz.
Елбасы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деп айтты. Бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту қажеттігін ұсынды. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру арқылы 2021 жылға дейін азық-түлік экспортын 40 пайызға көбейтуді тапсырды.