Шымкентте «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фотокөрме ашылды
01.12.2017, 17:29

Шымкентте «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фотокөрме ашылды

Бүгін Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды, деп хабарлайды silteme.kz.

Президент күніне арналған іс-шараның  барысында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды.

Сондай-ақ көрмеде Ұлт көшбасшысының көпұлтты, көпконфессиялы, тәуелсіз, демократиялық Қазақстанның қалыптасуы мен тұтастығын сақтаудағы рөлі, Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері жəне Мемлекет басшысының басқаруымен республикамыздың сан-салалы, көпқырлы дамуы көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыс əкімдігінің өкілдері, Шымкент қаласының əкімі Н.Сауранбаев, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Көрме  мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер