Кооперативтер – ауыл шаруашылығының өзегі!
02.05.2017, 14:13

Кооперативтер – ауыл шаруашылығының өзегі!

Елбасы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дау­ында аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек деп айтты. Бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді коопе­ративтерге тарту қажеттігін ұсынды. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру ар­қылы 2021 жылға дейін азық-түлік экспортын 40 пайызға көбейтуді тапсырды.

Шындап келгенде, Оңтүстікте өз кәсібімен айналысатын шаруалар көп болғанымен, жер кө­­лемі аз, қаржы қоры тақыл-тұқыл бол­ған­дық­тан жаңа техника алуға қауқарсыз. Сан­да бар болғанымен санатта жоқ ұсақ ша­руа­шы­лық­тар мемлекет тарапынан бөлінетін әртүрлі же­­ңіл­діктер мен субсидияларға да ие бола ал­май келді.

Ұсақ шаруашылықтарды іріл­ен­діріп, кооперацияға біріктіру еңбек өнімділігін арттырумен қатар, жақсы табыс табуға мүмкіндік бере­тіндігі іс жүзінде көрінеді. Сондықтан да, республикада кооперация жүйесін құруға тың талпыныс жасалуда. Оңтүстік Қазақстан – аграр­лы облыс. Шыбықты саздауыт жерге те­ріс қадасаң да тамыр алатын өңірдің ауыл ша­р­уашылығы инвестиция салуға қолайлы екен­дігін жағы талмай айтып келе жатқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сөзден нақты іс­ке әлдеқашан кіріскен.
Бірер құрғақ ақылмен коопе­ра­тивке бірі­гің­дер, пайдасы мол деп үгіттеу нәтиже бер­мейді. Осының бәрін ой елегінен өткізген облыс басшысы әр аудан, қалаларда кооперация та­­қырыбын белгілеп, көшпелі семинарлар өт­кізді.
Алдымен облыс әкімінің бастамасымен аймақтағы шаруаларды кәсіпке баулып, ша­руа­шылыққа бейімдеу мақсатында оқыту семи­нар айлығы басталды. Аудан, қалаларда ұй­ым­дастырылып жатқан көшпелі семинарлар­да ауыл­шаруашылық кооперативтерін құру, несиелеу және субсидиялау мәселелері қамтылды.
Осыған байланысты Шымкент­тегі Мәртөбе елді мекеніне қарасты «КазАгроном» өндірістік жы­лыжай кешені аумағында облыстық семи­нар өтті. Оған аудан, қала әкім­дері мен ауыл ша­руашылығы бас­қар­ма­сының маман­дары, ша­руалар мен шаруа қожалығы иелері, ғы­лы­ми орталықтар мен қаржылық инс­титуттардың өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты шаруалар мен мем­ле­кеттің арасындағы қарым-қатынасты нығайта оты­рып, ауыл шаруашылығының дамуына сер­пін беру, ұсақ шаруа қожалықтарының бі­рі­­гуіне мүмкіндік жасап, сол арқылы өнім кө­ле­мін арттыру болып табылады.
Кездесуде өңір басшысы таяуда мұндай басқосулардың ет-сүт бағытында Қазығұрт пен Арыс және Сарыағаш аудандарында, құс шаруашылығы бойынша Ордабасы мен Тө­лебиде, балық ша­руа­шылығы аясын­да­ Шардара мен Түлкібаста, қар­қынды бау ша­­­руа­шы­лығы шеңберінде Сайрам­ның ша­­руашылық өкілдерімен ұйым­дас­тырыл­аты­нын жеткізді.
«Халқы тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысын жан-жақты дамыту жө­нін­­де Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Сондықтан, өңір халқын жеміс-жидек, көкөністермен, жалпы, ауыл­шаруашылық өнім­дерімен қам­ту үшін барынша жұмыс іс­теу­і­міз қажет. Бүгінгі семинардың мақ­саты да ауылшаруашылық өні­мін өндірушілер мен мем­лекет арас­ын­дағы байланысты нығайтып, ұсақ қосалқы шаруашылықтарды коопе­ра­тивтер­ге біріктіру екенін айта кету қажет», деді Ж.Түймебаев.
Сонымен бірге, шаруаларға мемлекет тарапынан жасалып жат­қан қолдаулардың реті айтылып, кооперативті құрудың тәртібі, бе­ріліп жатқан субсидиялар мен несиелер жайлы кеңінен мағлұматтар берілді. Ал ғылыми орталықтар өкілдері жылыжай ша­руашылығы са­ласындағы заманауи тех­никалық зерттеулерін алға тартып, қызық­тыр­­ған сауалдарға жауап берді.
Сөз орайында айтсақ, бүгінгі таңда об­лыстағы жылыжайлар көлемі 1 123 гектарды құрап, рес­пуб­­ликадағы үлесі 86 пайызға же­тіп отыр. Жылыжайлардың басым бөл­і­гі Сары­ағаш ауданында орна­лас­қан.
Жылыжай шаруашылықтарын дамытуға мемлекет тарапынан қол­даулар күшейтілген. Өндірістік жылыжайдың әр гектарына 1,5 млн теңге (жылыту жүйесі жоқ жылыжайдың 1 гектарына 800 мың теңге) субсидия беріледі. Тыңайтқыштар мен гербицидтерге 50 пайызға дейін субсидия қарастырылған. Өнеркәсіптік ба­ғыт­тағы жылыжайларға 11,3 па­й­ыз­бен несие берілсе, коопертив мү­ше­лерінің 6 пайызбен несие алуға мүм­кіндігі бар.
«Қаз Агроном» өндірістік жылыжайында осындай пайдалы кеңестер айтылды.
Бұдан кейінгі семинар Түлкі­бас ауданы, Керейт ауылында «Коопе­рация – агроөнеркәсіп кешенін дамы­тудың негізі» деген атпен өтті.Оңтүстік шаруалары өзара тәжірибе алмасып, кооперативтер құру ісіне жаппай жұ­мылуы тиіс. Бұл өз кезегінде ауыл ша­руа­шылығы саласындағы қордаланған мәсе­ле­лерді бірігіп, ұжымдасып шешуге ық­пал ететін болады. Сондай-ақ, мемлекет тара­пы­нан бөлініп отырған түрлі жеңіл­дік­тер­ге қол жеткізуге септігін тигізеді. Бұл тур­а­лы Түлкібас ауданы, Керейт ауылында өтк­ен «Кооперация – агроөнеркәсіп кешенін да­мытудың негізі» атты көшпелі семинарда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жа­нсейіт Түймебаев мәлімдеді.

 Семинарға қатысушылар алдымен 2012 жылы өңірлік индустрияландыру картасы шең­бе­рінде іске қосылған «Ақсанат Инжи­ни­ри­нг» ЖШС-нің бекіре тұқымдас балық өсіру фер­масының жұмысымен танысты. Жобаның жалпы құны – 452,0 млн теңге. Кәсіпорын жылына 40 тонна балық еті мен 30 кило қара уылдырық өндіруге қауқарлы. Балық өсіру ісінде мол табысқа кенеліп отырған «First Fish Company» ЖШС шараға қатысушыларға балық өсірудегі тәжірибесімен бөлісті.
Қазіргі таңда облыста балық өнімдерін қайта өңдейтін – 3, балық өсіретін 28 шаруашылық бар. Олар 2016 жылы 5213 тонна балық өнім­дерін өндірген.
Семинарда сөз алған аймақ басшысы Жан­сейіт Түймебаев ауыл шаруашылығын да­мы­тудағы негізгі басымдықтарға тоқталып, ша­руа­ларды кооперативтерге бірігуге ша­қыр­ды.
«Біздің облыстың болашағы – ауыл шаруа­шы­лығында. Сондықтан, тәжірибесі мол ша­руа қожалықтары тірлігін енді бастаған әріп­тестеріне барынша қолдау білдіруі қа­жет. Білгенін үйретіп, аяқтан тұруына кө­мек қолын созғаны абзал. Сонда ға­на ұсақ ша­руа­шылықтарды б­іріктіруге, ірі жобаларды іске асы­­руға кіріктіруге болады. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан бө­л­інген субсидияларға қол жет­кі­зуге ықпал етеді. Ең бастысы, Оңтүстіктің ауыл шаруашылығы дамиды», деді Жансейіт Қансейітұлы.
Бұдан бөлек семинарда ауыл­ша­руашылық өнімдерінің көр­ме­сі ұйымдастырылды. «Коопе­рация – агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту­дың негізі» тақы­рыбында теориялық жиында балық шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ауылдық елді мекендерде сүт өндіруші шаруашылықтардың басын қосу, ауылшаруашылық өн­д­ірістік кооперативін құру туралы сала мамандарының пікірлері тың­далд­ы.

Мұнан соң облыс басшысы атал­ған мекемеге қарасты «Арсен Ас» ЖШС-нің жеміс-жидек концен­трат­тарын және табиғи сусындар шығару цехын аралап көрді. Жо­ба­ның жалпы құны 600 млн тең­ге. Оның ішінде 120 млн теңгесі се­рік­тестіктің өз қаржысы, 480 млн теңгесі АИО «Максимум» қаржы ұйымы есебінен несиелендірілген. Аталған зауытта 38 адам еңбек етеді.

Ал, «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС-нің 2014 жылы ашылған фермасында 182 бас жылқы бар. Жобаның жалпы құны – 200 млн теңге. Фермада Ақалтеке, Донская, Кушум­ская, пони және асыл тұқымды мініс жы­л­қы­лары жеткілікті. Аталған шаруашылық 1 120 ұсақ мал мен шет елден әке­лін­ген асыл тұ­қым­ды 660 абердин-ангус, 241 герефорд сиырын ба­ғып отыр. Одан өзге жергілікті 900 ірі қара мал өсірілуде.

Мал бордақылаған шаруалар сойылған ірі қара, ұсақ малдарының етін өткізуде қиындықтарға кезігіп жүр еді. Маңдай термен өсірілген, үлкен қаржы жұмсалған шаруаны орта жолдан қосылған делдалдар пайдаланып, арзанға алып, қымбатқа сатып, екі жеп биге шығып жүрген. Енді мұндай келеңсіздіктердің алды алынбақ.
Иран мемлекетінен келген ин­весторлар Оңтүстік Қазақстан об­лы­­сынан жылына 20 мың тонна ет экспорттауға кіріседі. Екі­жақ­ты ке­лісім нәтижесінде жүзеге аса­тын бұл жоба жер­гілікті шаруа­лар­дың мал бордақылауға де­ген қы­зығу­шы­лығын туғызуы тиіс. Бұл турал­ы аймақтағы шаруаларды кә­сіпке баулып, шаруашылыққа бейі­м­деу мақ­сатында өтіп жатқан көш­пелі семинарда Оңтүстік Қазақстан об­лысының әкімі Жансейіт Түймебаев баяндаған.
Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылындағы «Қайып ата» мал бордақылау кешенінде өткен көш­пе­лі семинарға Иран елінен келген ин­вес­торлармен қатар аудан, қала әкімдері, ауыл шаруашылығы басқармасының маман­дары, шаруа қожалығы иелері және ғы­лыми орта­лықтар мен несиелік қаржы инс­титуттарының өкілдері қатысты.

Семинарға келген ғалымдар мен білікті мамандар мал тұқымын асылдандыру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, шаруаларды толғандыратын сауалдарға жауап береді. Көшпелі семинарға жиналғандар «Қайып ата» мал бордақылау кешенін аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қазығұрт ауданындағы «Қайып ата» cерік­тес­тігі негізінен мал бор­дақ­ылаумен айналы­сады. Бү­гінгі таңда мұнда 3 мың бас ірі қара бордақыланып жатыр. Мал бордақылау алаңындағы ақбас сиырлар орта есеппен 300-350 келіге дейін ет береді. Етті малға тән белгілері де айқын – тез жетіледі, кеудесі кең, етті, аяқтары қысқа, берік келеді. Ұрғашы тайынша күніне 700-800 грамм, 15-18 айлық бұқа­шық­тар тәулігіне 900 грамға дейін салмақ қо­сады. Әрине, ол үшін малға дұрыс күтім қа­жет. Солтүстіктен жеткізілген ірі қараның бабы болғандықтан, күнгейдің климатына тез жерсінген.
Иран мемлекеті жылына 2 млн 400 тонна ет тұтынады. Осы қажеттіліктің бір бөлігін қамту мақсатында, екі тарап күніне 3 000 бас ұсақ мал еті мен 100 бас ірі қара етін алу үшін келісімшарт жасасты. Бұл өз кезегінде, ел экономикасына оң ықпалын тигізіп, Елбасының ет экспортын арттыру міндетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, алдағы уақытта өңірде ірі қара мал қауымдастығын құру көзделіп отыр. Өйткені, облыста соңғы екі жылда ірі қара мал саны 35 мыңға артып, 865 мың басқа, қой-ешкі 155 мыңға артып 3 млн 893 мыңға, жылқы 16 мыңға артып, 230 мыңға, түйе 1,7 мың артып, 23 мыңға жетіп отыр.

Мал, балық шаруашылығы бағытында өт­кен семинар Төлеби ауданында құс шаруа­шы­лы­ғын дамытуға ұласты.

«Киелі тас» ауылында аудан әкімі Бұха­р­бай Парманов пен «Шымкент құс» АҚ құ­рыл­тайшысы, облыстық мәслихат депутаты Әбілқасым Досболовтың күш салуымен «Леңгір Құс» фермасы салынбақ. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа құс фабрикасының іргетасына капсула салып, кәсіпкерлерге ақжолтай тілегін айтты.

«Елбасының ауылшаруашылық кооперациясын дамыту жөніндегі тапсырмасына орай біз облыстың барлық аудандарында ауыл шаруа­шы­лығын дамыту мақса­тын­да мамандандырылған семинарлар өткізу­де­міз. Бүгін өздеріңіз куә болып отырған Төлеби ауданын­да тауық шаруашылығымен ай­налы­су­ға бел буған 24 кәсіпкер «Ленгір құс» ауыл­шаруашылық кооперативін құрып, мемлекет­тен же­ңілдетілген несиеге қол жеткізіп жұ­мы­сын бастағалы отыр. Бұл өз­ге­лерге өнеге болуы тиіс», деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бір қуанарлығы, шағын құс фермаларының құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен шы­ғы­нның 50 пайызы мемлекет тарапынан суб­сидияланады. Сондай-ақ, сатып алынған асыл тұқымды етті шөжелердің әр басына 400 теңгеден демеу қаржы қарастырылған. Бұ­дан бөлек, шаруалар өндірілген құс етінің әр келісіне 40 теңгеден көмек қаржы алатын болады.

Аталған құс фермасы жарты ғасырлық тарихы бар «Шымкент құс» ЖШС-нің бірлескен кәсіпорны болып табылады. Бүгінде аталған құс фермасында 600 мыңнан астам құс өсіріледі. Тауық фермасы жылына 14 млн дана жұмыртқа өндіреді. Өнімдер оңтүстік өңірімен қатар көршілес облыстарға да жөнелтіледі.

Семинар барысында құс ша­руа­шылығын да­мыту жайы кеңі­нен талқыланып, қа­ты­сушыларға мем­лекет тарапынан бері­ле­тін же­ңілдіктер жайында пайдалы мағ­лұ­мат­­­тар бе­рілді. Шараның мақсаты – құс шаруа­шы­лы­ғында коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін ұлғайту.

Бүгінде облыста 2 млн 401 мың бас құс өсіріледі. Оның 50 пайызы жеке және қосалқы шаруа­шы­лық­тардың еншісінде. Оңтүстік өңі­р өз-өзін құс етімен 74,3 пайыз, ал жұмыртқамен 75 пайыз қам­туға қауқарлы. Сондықтан, бірік­кен кә­сіпорындар алдында құс шаруа­шы­лығын да дамытып, өнім көлемін арттыру мақсаты тұр.

Мұнан соң өңір басшысы Көксәйек ауылындағы «ADS Agro» ЖШС жұмысымен танысты. Аумағы 19 гектарды құрайтын с­е­рік­тестік асыл тұқымды жылқы жә­не ірі қара өсірумен айналысады. Қожалықтағы 2012 жылы ашылған мал бордақылау алаңы 1 560 басқа есептелген. Бүгінгі күнге мұнда 600 бас ірі қара мал бордақыланып жатыр. Со­нымен бірге, мұнда мал сою бекеті жұмыс іст­еп тұр. Қожалыққа «КазАгроҚаржы» АҚ 214 млн теңге көлемінде несие берген. Бұл қар­жы негізінен мал бордақылау алаңының құ­рылысына жұмсалыпты.

Қазіргі таңда жүзге жуық адамды жұмыс­пен қамтып отырған шаруашылық былтыр өн­дірілген еттің әр келісіне 170 теңгеден және ірі қара мал етіне мемлекеттен 75,4 млн теңге субсидия алған.

Облыс әкімі аудан, қалаларда осындай семинарлар өткізіп, Оң­түс­тіктің ауыл шаруа­шы­лы­ғын­­дағы мүмкіндіктерін бір сара­лап ал­ды. Семинар барысында бай­­қағанымыз, өз ұсақ шаруа­шы­лы­ғын жүргізіп, өз қотырын өзі қа­сып келген шаруалар осындай өгіз аяң­мен алысқа бара алмайтындығын тү­сінген сыңайлы.

Мәселен, Ордабасы ауданында өткен семинарда тауық өсірумен айналысатын екі шаруа мемлекеттен жеңілдіктер алу үшін кепілге қоятын мүліктерінің аздығын сөз етіп, кооперативке кіретіндер болса қуана қа­былдайтындықтарын айтты. Яғни, ұжым­дас­қан жағдайда көп көтерген жүктің жеңіл болатынын түсініп отыр. Және кооперативке бірігудің тиімді екендігін біліп, тәуекелдің қайығына мінгісі келетіндердің қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Бұл жағынан алғанда облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бас­тамасымен өткізілген көшпелі семинарлар тәтті жемісін жегізетін кезеңге аяқ бас­ты деп сеніммен айтуға болады. Елбасы Үкі­меттің кеңейтілген бір отырысында «біз «Боинг» ұшағын жасап, америкалықтардан, «Мерс­едес» автокөлігін жасап немістерден оза алмаймыз. Біздің әлемдік нарыққа шығар мүм­кіндігіміз ауыл шаруашылығы», деген ой айтып еді. Оңтүстіктің бүгінгі әлеуетіне қарап, осы байламның беріктігіне көзіңіз жетеді. Мұны диқандар мен шаруа­лар да түйсініп қалды.

 

Дерек көзі: «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы

Бақтияр Тайжан

Бақтияр ТАЙЖАН,

Толығырақ: https://egemen.kz/article/kooperativter-%E2%80%93-auyl-sharuashylyghynynh-oezegi
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз! Бақтияр ТАЙЖАН,

Толығырақ: https://egemen.kz/article/kooperativter-%E2%80%93-auyl-sharuashylyghynynh-oezegi
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз! Бақтияр ТАЙЖАН,

Толығырақ: https://egemen.kz/article/kooperativter-%E2%80%93-auyl-sharuashylyghynynh-oezegi
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз! Бақтияр ТАЙЖАН,

Толығырақ: https://egemen.kz/article/kooperativter-%E2%80%93-auyl-sharuashylyghynynh-oezegi
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз! Бақтияр ТАЙЖАН,

Толығырақ: https://egemen.kz/article/kooperativter-%E2%80%93-auyl-sharuashylyghynynh-oezegi
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты са Бақтияр ТАЙЖАН,

Толығырақ: https://egemen.kz/article/kooperativter-%E2%80%93-auyl-sharuashylyghynynh-oezegi
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!

Пікір  

Жолшыбеков Ерік
+ 0 Жолшыбеков Ерік 07.06.2017 22:46
Сəлеметсіздерме жуалыға осы комиссия жоғарыда айтылған қашан келеді?????
Жауап беру
Жолшыбеков Ерік
+ 0 Жолшыбеков Ерік 07.06.2017 22:48
Семинар қай кезде болады?
Жауап беру

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер