Показать содержимое по тегу: ОҚО
Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Қазығұрт ауданында болып, бірқатар кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды zhebe.com.
Бүгін Шымкентте «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесінің аясында, аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Silteme.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы — ауыл шаруашылығын, оның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аймақ. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан еліміздегі ақ мақтаның негізгі отаны саналады. Өңірде биылғы жылы 109,6 мың га жерге мақта шиті егілсе, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 мың га артық. Қазіргі таңда түсімділігі орташа есеппен әр гектардан 24 центнерден 262,5 мың тонна шитті мақта немесе меженің 94,7 пайызы жиналды.
Мақта өңдеу ұйымдарында шитті мақта қабылдау бағасы алғашқы кезде 1 килограмы 160-165 теңгеден (2015 ж 1 кг бағасы 107 теңгеден басталған) басталып, бүгінгі таңда мақтаның 1 килограмы сортына байланысты 130-145 теңгеден қабылдануда.
Қазіргі таңда әр ауданның климаттық жағдайына байланысты 2-ші, 3-ші терім науқаны жүруде. Мақта жинау жұмыстарын қараша айының 1 онкүндігінде аяқтау жоспарланған. Ал облыс бойынша мақта теретін 512 дана комбайн бар. Оңтүстік Қазақстанда мақта жинау жұмыстарының 65% комбайнның көмегімен атқарылады.
Дереккөз: egemen.kz
- Бүгін Шымкент қаласында «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар – MACHTEX-2016» II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы өтуде, деп хабарлайды Silteme.kz.
Екі күнге жалғасатын халықаралық көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев «Machtex 2016» көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылатынын айтты.
Көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен 50-ден астам компания қатысуда. «Machtex 2016» көрмесінің қатысушылары тоқыма өнеркәсібіне арналған жабдық, мата мен ұсақ – түйек заттар, өнеркәсіп компанияларына арналған арнайы киім, сервистік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай формалар мен мектеп формасын, ұлттық киім, балалар мен үйге арналған тоқыма және кілем өнімдерін, ерлер мен әйелдерге арналған киім кешектер ұсынуда.
Форум аясында Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамытудың болашағы мен дамуы жайы және тоқыма өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетін арттыруға арналған тәжірбиелік жұмыстар өткізіледі. Аталған форум жұмысына осы саланың 2 мыңнан астам мамандары қатысады.
ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанда 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын «Азала текстиль» фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар іске қосылған.
Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА-та бүгінде құны 27,8 млрд. теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Ал 2010-2015 жылдар ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2 есеге өсті. Яғни 11,2 млрд.теңгеден 21,7 млрд. теңгеге дейін өскен.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын оның ішінде мақта шаруашылығын дамытуға ең қолайлы аймақ болып табылады, деп хабарлайды Silteme.kz.