ОҚО-да «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі қойылмақ
31.03.2018, 09:29

ОҚО-да «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі қойылмақ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың қолдауымен Шымкент қаласында Елорданың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Astana Musical» театры «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін сахналайды. Сондай-ақ, өнер ұжымының сапарының мақсаты - еліміздің өнер саласындағы үздік жетістіктерін көрсету. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Astana Musical" театрының әртісі Сайлау Қамиев мәлім етті деп хабарлайды silteme.kz AA.

Айта кетерлігі, «Astana Musical» - еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. Елордалық өнер ұжымы заманауи жаңалықтарды негізге ала отырып, отандық және әлемдік мюзиклдердің бірегей репертуарының орталығына айналып келеді.

«Театр әртістері еліміздің рухани құндылықтарына айналған халық әндері мен композиторларының шығармалары және ұлттық операмыз бен классикалық музыкамыздың інжу-маржандарын қамтитын «Қыз Жібек» қойылымын сахналайды. Дала театрының негізіндегі туынды көрерменге қазақ халқының ұлттық болмысы мен тыныс-тіршілігін айқын көрсетеді. Сондай-ақ, өнерсүйер қауым спектакльде қос ақынның сөз тартысы, ой қақтығысымен қатар халқымыздың суырыпсалмалық өнерін дәріптейтін айтысты тамашалайтын болады.», - деді Сайлау Ғалымжанұлы.

Баспасөз мәлисхатына қатысқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұxамбетова аталған мюзикл «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында 2017 жылдың желтоқсан айында Франция, Бельгия, Австрия, Ресей мемлекеттерінде сахналанып, шетелдік талғампаз көрерменнің қошеметіне бөленгендігін жеткізіп, театр тарихына тоқталды. 

 «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының «Astana Musical» театры ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2016 жылдың маусым айында құрылған. Өнер ордасы өз шымылдығын Бақыт Қайырбеков пен Әннәс Бағдаттың «Достар серті» мюзиклімен ашқан болатын. Бүгінде театр репертуарында көпшіліктің қошеметіне ие болған 5 қойылым бар», - деді Айнұр Бермұxамбетова. 

Айта кетерлігі, «Қыз Жібек» этно-фольклорлық қойылымының қоюшы-режиссері А.Маемиров, режиссері Е.Нұрсұлтан, балетмейстері А.Садыкова және Жібек пен Төлегеннің рөлін театр әртістері И.Ризабекова мен О.Игілік сомдайтын болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер