Томирис ханшайымның бала кезіндегі рөлін кім сомдайды?
11.03.2018, 09:15

Томирис ханшайымның бала кезіндегі рөлін кім сомдайды?

Томирис ханшайымның бала кезіндегі рөлін кім сомдайды? www.zakon.kz

"Томирис" фильмінде ханшайымның дүниеге келген сәтінен бастап парсы патшасы Кирді жеңген кезіне дейінгі тарих баяндалады.

"Томирис" фильмінің режиссері Ақан Сатаев Instagram парақшасында Томирис ханшайымның бала кезіндегі рөліне жарияланған кастингтің қалай өтіп жатқанын жазды.

Режиссердің айтуынша, бала кезін сомдауға екі қыз таңдалыпты. Массагеттер ханшайымының 10 жастағы кезін Лия Фомина, ал 15 жасар Томиристі Салтанат Серкебаева сомдайды.

Сатаев атап өткендей, Томиристің 3 және 5 жастағы кезін сомдайтын қыздарды таңдау үшін кастинг әлі жалғасып жатыр.

Жалпы Томиристің бала кезіндегі рөліне 12 мың сұраным түсіпті.

©sputniknews.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер