Қытайда тест тапсырмаларына Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді
11.03.2018, 14:47

Қытайда тест тапсырмаларына Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді

Қытайдың оқу мекемелеріндегі ағылшын тілі бойынша тесттік тапсырмаларға Димаш Құдайберген туралы сұрақтар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі ақпаратқа сілтеме жасап.

Аталған тест сұрағын қытайлық блогер Си Хуай Шың (C-huaii槐笙) Вейбодағы жеке парақшасында жариялады.

Тапсырмада ағылшын тілінде танымал әнші Димашқа қатысты сұрақтар беріледі. Әншінің туған жері, балалық шағы, хоббиі, алғашқы жетістіктері оның ішінде «Славян базары» және «I am a singer» жобаларында қалай жетістікке жеткені айтылады. «Оның дауысы әдемі, түр-сымбаты да келісті, сондықтан ол Қытайда үлкен танымалдыққа ие болды. Француз тілінде орындаған әнінен кейін Димаштың Weibo (Қытайдағы Фейсбуктің баламасы - авт.) желісіндегі оқырмандары 300 000 адамға жетті», - деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер