Показать содержимое по тегу: Ана тілі газеті
Орталық Американың тұрғылықты халқы майя мен ацтектерді, олар жасаған өркениет ескерткіштерін жұрт жақсы біледі. Ал олардың арғы тегі өлмектердің (ольмек) қалдырған мұралары да жұртты таң-тамаша қалдырады. Бұл туралы "Ана тілі" газеті жазды.
Ғылыми-техникалық прогресстің (ҒТП) дамуы бойынша адамзат ХХ мен ХХІ ғасырға әбден риза шығар. Осыған дейін жүздеген ғасырлар бойы ат арбадан түспеген адамзат баласы айналасы жүз жылда сағатына 150-200 шақырымға дейін жеткізе алатын автомобильдерге тегіс мінді. Кемемен айлап жүзетін алыстарға ұшақтармен 5-6 сағатта, асып кетсе 10-11 сағатта-ақ жететін жағдайға қол жеткізді. «Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды» деген Ыбырай Алтынсарин атамыздың сөзі бір кезде қиял-ғажайып болып көрінсе қазір қатардағы дүние. Әркім Америкада оқып жүрген балаларымен үйде отырып-ақ ұялы байланыс телефонмен кез келген уақытта сөйлесе береді…