Оның аяғы ауыр болған. Дегенмен ол көрермендер алдында өнер көрсетуге қуаны келіскен. Симона сахнаға шықпай тұрып, ұйымдастырушыларға өзі үшін орындық әзірлеп қоюын өтінген. Олар оның өтінішін орындайды. Бірақ көрермендер оның бұл қылығын жақтырмай, орнынан тұруды талап етеді. Әнші қыз бірнеше рет бұл өтінішті орындамайды. Кейін сахнаға үш ер адам келіп, оған қарай ақша шашады. Әнші соңында орнынан тұрады. Бірақ содан бірнеше минут өткен соң көрермендердің бірі оған оқ атады. Самун жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіледі. Бірақ жарақат салдарынан қайтыс болады. «Симонаның жүктілігіне алты ай болған. Сондықтан оған орнынан ұзақ тік тұру ауыр. Көрермен оның бас тартқанына ашуланып, әйелімді атып тастады», - деді күйеуі. Әншіні өлтірген адамның есімі - Тарика Ахмед Джата. Енді қайтыс болған қыздың күйеуі өзінің әйелін және туылмаған баласын өлтірген қылмыскерге екі жаза қолдануды талап етіп отыр.
Дереккөз: ktk.kz
13.04.2018, 11:26
Жүкті әншіні сахнада атып тастады
Пәкістанда салтанатты шараға 24 жастағы Симона Самун ән айтуға шақырылды.
blob:https://embed.life.ru/29aded5d-fa9f-4669-824d-8f16b32a5d22
Пікір жазу