Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото)
15.02.2018ж.

Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото)

Мектепте атыс болды: 17 адам қаза тапты (фото) stan.kz

Флориданың Паркленд қаласындағы мектепте атыс болып, 17 адам қаза тапты. Күдікті мектептің бұрынғы оқушысы болып шықты. Бұл туралы мектеп орналасқан Бровард округінің шерифі айтты, деп хабарлады РИА Новостиға сілтеме жасап stan.kz.

Оқиға сабақтың аяқталуына 10 минут қалғанда басталған. Мектепте өрт дабылы шығып, кейін атыс басталған.

Шабуылдан 17 адам қаза тауап, 16 адам зардап шекті. Олардың 12-сі мектеп ғимаратында, үшеуі көшеде, екеуі ауруханада көз жұмған. Зардап шеккен 3 адам ауыр халде жатыр.

Қайтыс болғандар арасында мектептің футбол бапкері де бар.

“Шабулдаушы адам оқушыларды дәлізге шығару үшін бірінші өрт дабылының дыбысын қосқан. Ол адмдарды жаппай қырғысы келді”, – дейді сенатор Нельсон жергілікті телеарнаға берген сұхбатында.

Күдікті ретінде бұрын осы мектепте оқыған 1999 жылғы Николас Круз ұсталды. Ол тәртібі дұрыс болмаған соң, мектептен шығарылған екен.

Оның қолында түтін гранатасы мен газға қарсы маскасы болған.

Қайғылы оқиғаға байланысты мектеп апта соңына дейін жабылды.

Мектепте 14-18 жас аралығындағы үш мыңға жуық оқушы оқиды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер