Мектеп әжетханасына 1 миллиард теңге бөлінген
01.09.2020ж.

Мектеп әжетханасына 1 миллиард теңге бөлінген

Жамбыл облысында орналасқан мектептердің әжетханаларын ретке келтіруге республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд астам қаражат қаралғандығы туралы хабарлайды TURANINFO ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесіне сілтеме жасап (q-kenes.kz сайтынан алынды).

28 тамыз күні Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің күн тәртібіне “Білім саласына қоғамдық моинторинг” жұмысы жүргізілді. Бұл жұмысты топ жетекшісі ретінде Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі комиссиясының хатшысы, “Жамбыл облысы жастaар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғаоһлар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан әлеуметтік желідегі тікелей эфирлер арқылы жүргізген болатын.
Эфирлерді 25 мыңнан астам көрермен көрді. Аталған комиссияның хатшысы
оқушылардың кезекші сынып пен қашықтай оқитынын айта отырып, ауылдағы интернет, мектептегі интернет, жаңа оқу жылына дайындық, оқушыларға кітаптар берілу, іштегі және даладағы әжетханалар зерделеді. Бұған себеп Тараз қаласындағы орналасқан №6 орта мектебіндегі орын алған жағдай. Өйткені іштегі әжетхана жұмыс істеп тұрса да, сырттағы әжетхана жабылмаған. Сырттағы әжетхана жабылмай іштегі әжетханалар толықтай жұмыс жасамайды.

Мониторинг барысында жаңа оқу жылына Жамбыл ауданының дайындығы жоғары екендігі байқалды. Жалпы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан жұмыс дұрыс жолға қойылған. Пандемияға қарсы барлық сақтық шараларды ескере мектептерде толық жабдықтармен жабдықтаған, мектеп әжетханалары талапқа сай жасақталып, мектеп ғимаратына орналастырылған. Мектеп оқушыларына дәстүрлі білім алуына толық жағдай жасалған.
Отырыста арнайы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова баяндама жасады. Баяндама да мамыр айынан бері мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары, әжетханаларды ішке кіргізу жұмыстары туралы мәселе көтеріліп келеді. Облыс әкімінің аппараттық жиынында аудандардың барлығы мерзімде бітеді деген ақпаратты береді. Шын мәнінде жағдай ондай емес. Жауапты мамандар жұмысты әлі күнге дейін бітіре алмауда. Қазір республика көлемінде білім және ғылым министірлігінде қаралуда. Біздің облыс ең соңында келе жатыр.  Облыста 184 мектепте оқушылар дәстүрлі түрде оқиды. Сонда екі күннен соң балаларды қайда оқытамыз. Байзақ ауданында екі мектеп, бірінші қыркүйекке аяқталады деп отыр. Жамбыл ауданы, толықтай бітті. Жуалы  ауданында он екі мектепте бітпеген. Бесеуі бірінші қыркүйекте, жетеуі оныншы қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған. Ол жеті мектептің балалары қайда дәретке барады? Сырттағы дәретханаға баруға тыйым салынды.

Жергілікті әкімдік басшыдан кейін Білім саласына бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Ускумбаева сөз алды.

- Білім бөлімдері мен мектептер дұрыс мәлімет беру керек.  Бұрын қаражат жоқ деп айтушы еді, биыл бізге төбеден құйып берді. Қаражатты дұрыс жұмсап, уақытылы пайдалану ол бүгінгі қоғамның мәселесі,-деді Дәмеш Шайхықызы.

Мектептердегі әжетханаларға Республикалық бюджеттен 574 млн теңге, жергілікті бюджеттен 546 млн теңге қаражат бөлінген. Соның өзінде әжетханалардың есіктері мен “перегородкалары” қаралмағандығы үлкен сұрақ туындатты.

Отырыстың қорытындысы ретінде қоғамдық кеңес төрағасы сембек сейдазимов дайындалған қарарды қабылдауды ұсынды. Онда мектептердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, тазалық-санитарлық нысандарды орналастыру, карантиндік талаптарды сақтай отырып  “кезекші сыныптар” жұмысын ұйымдастыру белгіленген мерзімінен кешіктірілмесін делінген. Сондай-ақ облыс әкімдігі білім басқармасының есебі мен жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының саяси-ұйымдастырушылық жұмыстары  ашықтық пен жариялылық  тұрғысынан қанағаттанарлық деп танылсын, пилоттық аймақ ретінде тараз қаласынан “қауіпсіз мектеп” және “адал ұстаз” жобалары бастау алсын. Оның негізгі принциптері – ұстаздардың жұмысқа парасыз қабылдануына, балалардың мектептегі қауіпсіздігіне жағдай жасау  мәселелері де қарастырылған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер