Қайрат Нұртас жол апатына түсті
31.10.2016, 09:05

Қайрат Нұртас жол апатына түсті

Қайрат Нұртас көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Белгілі болғандай,  оқиға әнші  Қазалы жерінде концерт өткізер алдында  болған. 

Бұл туралы әншінің анасы, продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

«Иә, расында Қайрат көлік апатына ұшырады, тура осы көлікте. Бірақ аман. Аяқтарына сəл зақым келген, Алла қолдап əйтеуір сынбаған. Екі аяғын таңып алып,  Қазалыда халыққа еш білдірмей əнін айтып кетті.Бəріңіз есітіп сұрап жатыр екенсіздер, инстаға кірсем халық уайымға салыныпты, сол себепті жауабымды беріп, сіздерді уайымсыз болсын деп жазып отырмын. Əуелі Аллаға, сонан соң тілеуін тілеген сіздерге аналық жүрегіммен алғысым шексіз! Сіздердің əрбір дұғаларыңыз Алланың құлағына шалынып, Қайраттарыңыз осындай апаттан тағы да аман қалды.Менің де тілерім: əрбіріңіздің ұл-қыздарыңызға тек амандық, отбасыларыңызға қуаныш!» - деп жазды Г. Айдарбекова әлеуметтік желіге. 

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер