«Талан» толықметражды көркем фильмінің түсірілімдері басталды
27.10.2016, 16:05

«Талан» толықметражды көркем фильмінің түсірілімдері басталды

  1. 26 қазан күні бір топ журналистер қауымы режиссер Болат Қалымбетовтың «Талан» атты толықметражды көркем фильмінің түсірілім алаңында болды, деп хабарлайды Silteme.kz.  

Қазақфльм баспасөз қызметінің хабарлауынша, фильм Қазақстан Республикасының 25 – жылдық мерейтойына орайластырылған. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндіріске жіберген. Бүгінгі таңда түсірілім жұмыстарының жартысы түсірілген. Алда әлі екі апта түсірілім жұмыстары бар.

Түсірілім алаңында болған журналистермен кездесу барысында Болат Қалымбетов фильм жайлы ойымен бөлісті: Бұл фильм тарихымыздың ең қиын кезеңдері –жиырмасыншы ғасырдың отызыншы, қырқыншы жылдарында орын алған оқиғаларды қарапайым адамдардың өмірі арқылы суреттейді. Фильмнің мақсаты сол замандағы адам бейнесін экранда көрсету.

Фильмнің аннотациясы: Фильмнің сценариі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-адам» повесінің желісі бойынша жазылған. Кинофильм тарихымыздағы аса күрделі кезеңді адам болмысының құбылысы арқылы танытқысы келеді. Тағдырдың жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамның ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы – тәуелсіздіктің қадір-қасиеті көрінеді. Талан – тағдырдың синонимі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер