Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек - Ерлан Сағадиев
18.04.2018, 14:39

Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек - Ерлан Сағадиев

Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек - Ерлан Сағадиев Фото: ҚазАқпарат

Мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керек. Бұл туралы Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Біз электрондық журналды қағаз есепке теңестірдік. Егер мектеп электрондық жүйеге және кең жолақты интернетке қосылған болса, мектеп журналын тек электронды нұсқада жүргізу керекпіз. Оны қайталап тағы қағаз түрінде толтыру қажет емес және оған тыйым салынды. Тиісті бұйрық қабылданды», - деді министр.

Сонымен қатар Е. Сағадиев бүгінгі күні мектептің мұғалімдері жүргізетін құжаттар бекітілгенін сөз етті.

«Олар тек 5 құжатты толтырады және электронды жүйеге қосылған болса, барлығын электронды түрде жүргізуге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты да бұйрық бар.  Алдағы уақытта мұғалімдер өздерінің функцияларына сәйкес емес жұмыстарды істемеуі үшін, барлық деңгейдегі басшылар аталған мәселені өз бақылауында ұстауы керек», - деді ведомство басшысы.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер