Қарағандыда зергерлік бұйым сататын дүкенді 2,5 минутта тонап кеткен
01.04.2018, 12:40

Қарағандыда зергерлік бұйым сататын дүкенді 2,5 минутта тонап кеткен

Қарағанды қаласындағы «Айгүл» зергерлік бұйымдар сататын дүкенін қарақшылар 2,5 минутта тонап кетті. 12 млн теңгенің алтын-күмісін тез алып кеткен ұрыларды ұстауға жедел топтың өзі үлгермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыс 15 наурызда түнде жасалған. Үш ер адам дүкеннің темір торлы терезесін қиратып ішке кірген. «Дүкен ішінде қылмыскерлер өздерін жинақы ұстаған, әрқайсысы бір-бір витринадаға алтындарды алған», - дейді салон иесі Айгүл Мұқанова. Олар бетперде киіп алғандықтан камерадан кім екендіктерін тану қиын. Қолдарына қолғап киіп, бастарына кеншілердің шамын тағып алған. Тіпті алтындарды алып кету үшін үш сөмке әкелген. «Ұрыларға кедергі жасау үшін көрші дүкеннен ер адам жүгіріп шыққан, Алайда олар оның көзіне баллоннан бұрышты-газ шашып кеткен. Иісшіл ит ізді сол маңдағы гаражға шейін тапты. Сол арадан екі сөмке шықты. Алайда ұрылар ішінде 12,6 миллион теңгенің тауары бар сөмкені ала кеткен. Оның ішінде бриллиант бұйымдар, ерлердің алтын сақинасы мен алқалар болған», - дейді кәсіпкер.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасынан соңғы екі айдағы жазбаны алып, зерделеп шықты. Алайда келушілердің көптігіне байланысты күдікті адамдар анықталмады. Дүкен иесі күдіктілерге қатысты қандай да бір құнды ақпарат берілсе, ол үшін қомақты сыйақы беруге әзір екендігін жеткізді. Өйткені зергерлік бұйымдар кепілге өндірушіден алынған, кәсіпкер олардың құнын өтеуі керек.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер