Қарағандыда "колбасадан" табылған зат жұртты шошытты
17.03.2018, 17:30

Қарағандыда "колбасадан" табылған зат жұртты шошытты

Қала тұрғыны шұжықтан алюминий табылғаны үшін он миллион теңге талап етіп отыр. Қарағанды тұрғыны Зарина шұжықтан жіп оралған алюминий тілігін тауып алды, деп хабарлады sputniknews.kz. 

Өндіруші компания кінәсін мойындап, әйелден кешірім сұраған, тіпті өтемақы ретінде бір дорба шұжық ұсыныпты. Алайда Зарина сотқа шағымданып, он миллион теңге моральдық өтемақы өндіріп алуға бекініп отыр.  

"Балам жұтып қойса ше? Ақыры немен бітер еді? Тауардың сапасына қатты күдіктеніп қалдым. Олардан лицензияны қайтарғанын немесе айыппұл салғанын қалаймын. Мұндай жағдай алғаш рет болып отыр деп ойламаймын. Адамдар үндемей қоя салады", — дейді ол. 

Өндіруші шұжыққа өнімнің ұшын бекітетін алюминий қыспа түсіп кеткенін мәлімдеді.  

"Қыспа өткір емес, қауіп келтіруі екіталай. Байқамай қалу мүмкін емес: оншалықты кішкентай емес. Бас технолог  Заринаға барлық процесті түсіндірді, кешірім сұрады. Ол "маған моральдық шығын керек" деп көнбей қойды. Содан соң жеп көріп, сапасын қадағалайтынымызға көз жеткізсін деген ниетпен шұжығымызды ұсындық. Алайда ол бас тартты.  Он миллион теңге сұрады. Бұл шектен шығу ғой. Қайтеміз енді, соттасамыз", — деді фирма директоры Екатерина Шелеметьева.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер