Адамзатқа қауіпті «Икс ауруы» пайда болды
12.03.2018, 19:34

Адамзатқа қауіпті «Икс ауруы» пайда болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аса қауіпті «Икс ауруы» жайлы ескерту жасады. Ғалымдар өлімге әкелетін вирустың аты белгісіз екенін, оны «Икс» деп өздері атағанын айтты. Бұл туралы qamshy.kz Daily Star сілтеме жасап хабарлады.

Норвегия Ғылыми Кеңесінің орындаушы директоры және ДДСҰ ғылыми кеңесшісі Джон-Арне Роттингеннің айтуынша, диагностикалық сынамалар мен вакциналар әлі де дайындалып жатыр.

ДДСҰ бұл ауру түрінің Эбола вирусынан да, Ласса безгегінен де қауіпті болатынын айтады.

Әзірге Икс ауруының қыр-сыры зерттелген жоқ. Мамандар оның үй жануарлары немесе АИТВ, яғни көпшілікке ВИЧ атауымен белгілі ауру түріне шалдыққан адамдармен байланысуы арқылы таралатынын айтады.

Эбола вирусын жаппай жұқтыру жағдайы әлем бойынша 2015 жылы тіркелген және 11 мың адам сол дерттің құрбаны болған. Бұл дерт түрімен күресуге Қазақстан, Ресей мен Қытай мемлекеттері 60 млн доллар жұмсаған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер