Қазақстанның 4 облысы мен Алматы қаласында ескерту жарияланды
10.03.2018, 18:55

Қазақстанның 4 облысы мен Алматы қаласында ескерту жарияланды

Қазақстанның 4 облысы мен Алматы қаласында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы baribar.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.

10-12 наурызда күндіз жылы болуына және жаңбыр жауу ықтималдығына байланысты Шығыс Қазақстан облысының аласа таулы аймақтарының бөктерлерінде ағын су жиналуы мүмкін.

11-12 наурыз күндері жаңбыр жаууына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласының аласа тау өзендерінде сел жүріп, ағын су жиналуы ықтимал.

Ал 10-11 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 метр/секундқа жетсе, 11 наурыз күні облыстың оңтүстік-батысында желдің күші секундына 30 метрден асып жығылуы мүмкін.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер