Сарттар да келе ме? "Түнгі студия" жүргізушісі алғашқы эфирінде Төреғали Төрәліні келеке етті
06.03.2018, 20:48

Сарттар да келе ме? "Түнгі студия" жүргізушісі алғашқы эфирінде Төреғали Төрәліні келеке етті

«Qazaqstan» телеарнасынан шығатын «Түнгі студия» бағдарламасын енді Нұрлан Қоянбаев жүргізбейтіні бұған дейін мәлім болған. Жоба тізгінін қолға алған танымал актер Қайрат Әділгерей алғашқы эфирінде-ақ көпті күлдіріп, Төреғали Төреәліні келеке етті.

Студияға қонаққа Сәкен Майғазиевті шақырған Әділгерей әншінің алдағы ән кеші жайлы сұрап, сөзін қалжыңға айналдырды.

«Концертіңізге сарттар, ой сарттар деппін ғой, қарттар келе ме? Бұл сөз өзекті болған соң аузыма түсіп кетіп жатыр, кешіріңіздер, шатасып жатырмын. Қарттар дегім келді», – деген жүргізушінің сөзіне Сәкен Майғазиевпен қосыла көрермендер де күліп алды.

Естеріңізге сала кеттейік, Төреғали Төреәлі Павлодардағы концертте қарт кісіге «Еріккен сарт... » деп басы дауға қалған. Кейін ол тікелей эфирге шығып, көптен кешірім сұраған еді.  

Дереккөз: sn.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер