АҚШ-та жігіт өлген қызбен селфи жасап, достарына жіберген
12.02.2018, 10:22

АҚШ-та жігіт өлген қызбен селфи жасап, достарына жіберген

АҚШ-та жігіт өлген қызбен селфи жасап, достарына жіберген today.kz

АҚШ-та 19 жастағы жігіт 18 жастағы қыздың денесін ауруханаға апаруға ерініп, қасына жатып ұйықтап қалған. Таңертең тұрғанда қыздың қайтыс болғанын байқаған, деп хабарлайды Today.kz Life.ru сайтына сілтеме жасап. 

Марқұм қыздың анасы оның Брайн есімді жігітпен жүріп жүргенін білген. Олар Snapchat арқылы бір-біріне хабарлама жазып жүрген. 

Сол күні Элисса достарымен бірге қыдыруға кеткен. Олардың арасында Брайн да болған. Брайн Элиссаны үйіне шақырған. 

Бір сағаттан соң Элисса құсқысы келіп тұрғанын айтқан. Сол кезде Брайн қызға парацетамол берген, кейін қышқыл ішкізген. Содан кейін қыз ес-түссіз құлап түскен. Ол Элиссаны кереуетке жатқызып, шешіндіріп, ойына келгенін істеген. Кенет қыздың тыныс алмай жатқанын, ернінің көгеріп кеткенін байқаған. Брайн өз кереуетінде жалаңаш қыздың жатқанын айтып, мақтанғысы келіп, селфи жасаған. 

"Чатқа қыздың тыныс алғанын естімей тұрғанын айтып, "LOL" смайлигін қоса жазды. Бір қыздың өзімен бірге жыныстық қатынасқа шыдамағаны оған қызық көрінді. Мен қызды ауруханаға апаруды ұсындым, бірақ Брайн қатты шаршағанын айтып, ұйықтап қалды", – дейді жігіттің достарының бірі. 

Таңертең оянғанда Брайн Элиссаның дүниеден өтіп кеткенін түсінген. Сол кезде ол марқұмның қолын алып, телефонын ашып, қыздың атынан Snapchat-қа хабарлама жазған. Хабарламада қыздың үйден қашып кеткенін айтқан. Кейін жігіт өлі денені қоқыс пакетіне салып, қыздың аяғын сындырған. Соңында денені қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған. 

Полиция бұдан бұрын есірткі сақтайды деген күдікке ілінген жігітті тез тапты. Брайн қызды өлтіргенін мойындады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер