Елімізде шетелдік төлқұжатты рәсімдеу құны 2 есеге қымбаттады
09.01.2018, 16:34

Елімізде шетелдік төлқұжатты рәсімдеу құны 2 есеге қымбаттады

Елімізде шетелдік төлқұжатты рәсімдеу құны 2 есеге қымбаттады. Бұл туралы 24.kz арнасына сілтемемен silteme.kz АА хабарлады.

1 қаңтардан бастап төлқұжатты дайындау кезіндегі мемлекеттік баж салығының екі есе өскені белгілі. Бұрынғы тариф 1995 жылдан бері өзгермеген. Ішкі істер министрлігінің жауапты мамандары құжат құнының жоғарылау себебін осылай түсіндірді. Жаңа Салық кодексіне енгізілген түзетулер бірінші кезекте осы өзгерісті қарастырған еді. Бұдан былай жаңадан төлқұжат алу үшін 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат төлеуіңіз керек. Ал төлқұжаттарын ауыстыруға алдын ала өтінім жазған азаматтар саны өткен желтоқсанда 100 мың адамға жеткен. Бұл 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 3 есеге көп. Осылайша 1 қаңтарға дейін небәрі 9 мың теңгеге бағаланған төлқұжаттың бүгінгі құны – 19 мың 240 теңге. Ал жеке куәліктің бағасы сол қалпында сақтала бермек. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер