Ресейлік университеттер қазақстандықтар үшін 10 мың грант бөлді
12.04.2018, 14:11

Ресейлік университеттер қазақстандықтар үшін 10 мың грант бөлді

Қазақстандық талапкерлер Ресейдегі ЖОО-ларға грантқа оқуға түсе алады.  Бұл жайында Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ басшысы Алтай Нұрманов айтты.

Халықаралық келісім бойынша, қазақстандық талапкерлерге 10 мың грант бөлінді. Абитуриенттер Ресейдің 30 оқу орнында білім ала алады.  23 сәуір – 15 мамыр аралығында  Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында бюджеттік орындарға оқуға түсу үшін емтихан өтеді, - деп хабарлады Алтай Нұрманов.

Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды. «Болашақ» бағдарламасы арқылы талапкерлер Польша, Малайзия және т.б елдерде білім ала алады.

«Ағымдағы жылы «Болашақ» бағдарламасына бірнеше өзгеріс енді. Өз бетінше шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсушілердің дипломдағы орташа GPA балы 3 болу керек, - деді Нұрманов.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер