Жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады
22.01.2018, 13:30

Жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады

Жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады turkystan.kz

Қазақстанда жетімге қамқорлық жасағандар салықтан босатылады. Елімізде қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі жетім балаларды асырап алған ата-аналарды табыс салығынан босатады.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жетім балаларды асырап алғандар жылдық табысының мөлшеріне қарай табыс салығынан босатылады», — дейді Руслан Дәленов.   Жалпы жетім балаларды асырап алғандардың табысы жылына 2,1 миллион теңге шегінде болса, олар салықтан төлеуден босатылады. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі өз сөзінде асырап алынған бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасы осы жеңілдікке ие болатынын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа салық кодексінде мүгедек болып қалған ата-ананың біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік қарастырылған. Руслан Дәленовтың айтуынша, Қазақстанда 76 мыңға жуық азаматқа осы бағыт бойынша жеңілдік беру көзделіп отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер