Показать содержимое по тегу: АҚШ
«Пуэрто – Рико», «Qar» және «Роза» хиттерінің авторы гастрольдерін жалғастыруда. Фархад Қалиев Қазақстандағы толы залдарды жинаған сәтті концерттерден кейін, әлемдік турға шығуды жоспарлап отыр. Әртістің менеджерінің айтуы бойынша, Kalifarniya қазан айында АҚШ-қа жол тартпақ, кейін Еуропа, Қырғызстан, Моңғолия елдерінде концерттер ұйымдастырылады.
АҚШ-тың әрбір штаты ту мен елтаңбадан өзге ресми қабылданған ерекше символдық белгілерге ие, деп жазады silteme.kz.
Қытай мен АҚШ саудадағы үйлесім туралы келісімге келді. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері мен энергияны экспорттау және зияткерлік меншікті қорғау саласында ынтымақтастық орнататын болады, деп хабарлайды 24. kz.
Биылғы 8 мамырда АҚШ 2015 жылы қабылданған Иран ядролық келісімінен шығатынын мәлімдеді. Ресми «Жан-жақты қамтылған іс-қимылдар жоспары» деп аталатын келісім Иран мен АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Германия арасында жасалып, мұнайлы мемлекеттің ядролық қару бағдарламасын қадағалауда ұстауға қол жеткізу арқылы оған қарсы енгізілген санкциялардың біртіндеп күшін жоюды көздеген болатын. АҚШ президенті Дональд Трамптың аталған келісімді «Американың мүдделерін қанағаттандыруға тиімсіз» деп тауып, оның шарттарын орындаудан бас тартуы құжатқа қол қойған өзге елдерді де қиын таңдауға қалдырды.