Показать содержимое по тегу: бала асырау
Бала асырап алу — адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Егер сіз бала асырап алуға бел бусаңыз, алдыңызда 11 тармақтан тұратын қажетті құжаттардың тізімі бар.
Әрбір қайырымды жанның көңілінің түкпірінде "бала асырап алу" тілегінің бұғып жатқаны анық. Әсіресе, бұл сезімнің жетім балаларды жүзбе-жүз көргенде немесе БАҚ арқылы аянышты жағдайлары туралы ақпараттанғанда яки дұрыс қараусыз қайғылы жағдайларға душар болып жатқанда бас көтеретіні де шындық болса керек. Алайда, заң бар, зәкүн бар, сол бір жауапты шешімге бет бұрғанның өзінде сізге баланы "мінекейіңіз" деп мемлекет сеніп тапсыра қояды ма екен, бұл енді бөлек мәселе. Өз кезегінде, silteme.kz порталы аз да болса ақпараттық көмек болсын деген ниетпен үкімет тарапынан бала асырап алушы бола алатын тұлғаларға қойылатын талаптар шоғыры қандай, соның тізбесін келтірді.
Сонымен, мыналарды:
сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;
сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
өзiнің қамқорлығындағы балаларды күтіп-бағу, оларға күтім жасау мен емдеуді қамтамасыз ету, құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы қамқорлық жасау жөніндегі мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген аурулар тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы өтелмеген адамдарды;
азаматтығы жоқ адамдарды;
анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
асырап алған кезде асырап алынған баланы «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырауға ала алмайды.
Егер осы шарттардың толымынан өтіп тұрсаңыз, сізге бала асырап алуға көп жетімнің бірі тапсырылуы ықтимал. Ықтимал дейтініміз, шын мәнінде де, сол өз қамқорлығыңызға аламын деген баланың ыстық-суығына тоңып, күйемін десеңіз, біраз құжат жинап жүгіруіңізге тура келеді. Ендігі мәселе, бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі болмақ. Іске сәт! Қайырымды ісіңізге Алла жар болсын!