Показать содержимое по тегу: ұмтылыс
Мейлі, сіздер бұны еріншектік, жалқаулық, ақымақтық деп атай беріңіздер. Алайда, бұл қасиеттер тек әлсіз адамға ғана тән деп қателеспеңіздер. Себебі, жалқаулықты жеңу оңай. Алдыңа нақты мақсат қоя біліп, жұмысыңа кедергі келтіретін заттарды түсініп, олардан арылсаң болғаны.
Əсет Темірланұлы – он бес жаста. Алматы қаласындағы №40 мектептің 9-сыныбында оқиды. 8-сыныпта бизнестегі алғашқы қадамын бастапты. Смарт сағаттар сатқан. Бір сағаттың үстінен 20 мың теңге пайда көрген. Оқушы тұрмақ, үлкен адам үшін де мұншалық пайда табу аз ақша емес, иə? Ендеше, Əсетпен болған əңгімемізді оқып көріңдер. Ол мұндай табыс табу үшін не істепті?