Показать содержимое по тегу: науқан
Жылсайын лақтырылып тасталған полиэтиленді пакеттер экожүйені орнықты ластануды қалыптастырады. Полиэтиленді пакеттердің жағу және ыдырау кезінде диоксин, фуран, бензапирен және т.б. сияқты химиялық заттарды қалыптасуына себеп болады. Орташа есеппен полиэтиленді пакеттер 20 минут пайдалынылады, бұл ретте олардың ыдырау уақыты 100 жылдан 500 жылға дейін мерзімді қамтиды. Қазіргі күнге, 40 жуық шет ел (Еуропалық одақ елдері, Аустралия, Сингапур, Бангладеш және басқа да) полиэтиленді пакеттердің айналымын төмендетіп немесе қолдануға тыйм салған.
АҚШ-та сайлау додасы жақындаған сайын президенттікке кандидат Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон арасында бәсекелестік қыза түсуде.
Сарапшылардың айтуына қарағанда, Клинтоннан гөрі жұртшылықты Трамптың көзқарасы көбірек қызықтыратын сияқты. АҚШ демократтары Трамптың билік басына келуіне қарсы. Мұның көптеген себептері бар. Республикалық партияның атынан додаға түсіп отырған Трамп ең алдымен АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жақсартпақ. Сонымен қатар, НАТО ұйымын қайта құру туралы пікірі де америкашыл елдерге ұнап отырған жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын ол елге ағылып келіп жатқан мигранттарды шекарадан кері қайтару туралы ой айтқан. Сайлау жақындағанда бастапқы пікірінен айнып, елге заңсыз келген мигранттарға азаматтық берудің қажеті жоқ деп отыр. «Босқындарды Америка керек етпейді». АҚШ-тың өзі босқындар мен сырттан келген келімсектерден құралғанын ескерсек, Трамптың сөзі оларға түрпідей тиетіне анық. Бұл ғана емес, күніне мың құбылатын Трамп енді сотталған шетел азаматтарын АҚШ-тан қуып, отанына қайтару идеясын ұсынып жүр.
Бұдан шығатын қорытынды не? Бір пікірін алуан түрлі етіп айта беретін Дональд Трамп 8 қарашада өтетін президенттік сайлауда қатарласынан оқ бойы озып шыға ала ма? Бірақ көптеген сарапшылар әпербақандау Трамптың қазіргі әрекеті ешқандай жеңіс әкелмейді деп отыр. Уақыт көрсетер. Дегенмен, АҚШ тарихында АҚ үйдің басшылығына президент әйелдің келмегенін ескерсек, Хиллари Клинтонның мемлекет басқаруға толық мүмкіндігі туып тұр.
Бүгін Қазақстанның астық өсіретін аймағының бірі – Қостанай облысында жаппай егін жинау науқаны жүруде. Биыл бұл өңірдің 4 215 мың га аумағына астық дақылдары егілген болатын, деп хабарлайды silteme.kz.
Қазіргі таңда Қостанайдағы дақылды егіс алқаптарының 50 мың га жиналып үлгерді.
Бұған дейін Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов тамыз айында ауа райы ыстық болған жағдайда жаппай егін жинаудың басталуы тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында күтіліп отырғанын атап өткен болатын.
Анықтамалық: а.ж. 26 тамызда Республика бойынша 1318 га аумақта егін жиналып, 2446, 9 мың га бастырылды. Орташа өнімділік 18.6 ц/га.