«Полиэтиленді пакеттен бас тарт!» экологиялық науқанына атсалысыңыз
22.12.2017, 11:16

«Полиэтиленді пакеттен бас тарт!» экологиялық науқанына атсалысыңыз

Жылсайын лақтырылып тасталған полиэтиленді пакеттер экожүйені орнықты ластануды қалыптастырады. Полиэтиленді пакеттердің жағу және ыдырау кезінде диоксин, фуран, бензапирен және т.б.  сияқты химиялық заттарды қалыптасуына себеп болады. Орташа есеппен полиэтиленді пакеттер 20 минут пайдалынылады, бұл ретте олардың ыдырау уақыты 100 жылдан 500 жылға дейін мерзімді қамтиды. Қазіргі күнге, 40 жуық шет ел (Еуропалық одақ елдері, Аустралия, Сингапур, Бангладеш және басқа да) полиэтиленді пакеттердің айналымын төмендетіп немесе қолдануға тыйм салған. 

Осы мәселенің шешімі эко-пакеттерді (қағаз пакеттер, биоыдырағыш пакеттер, матадан жасалған бірнеше реттік сөмкелер) қолдану болып табылады. (Анықтама: қағаз пакеттердің ыдырау уақыты 1-2 айды құрайды, өсімдік шикізаттан жасалған биоыдырағыш пакеттердің ыдырау уқыты – 3 айдан 2 жылға дейін).

Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Полиэтиленді пакеттен бас тарт!» атты экологиялық науқаны өткізуде. Бұл туралы елорданың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Меморган дәйегінше, экологиялық науқанның мақсаты халыққа тұтынудың экологиялық науқанын дағдыландыру, сондай-ақ халықтың экологиялық сана-сезімін құру болып табылады. Экологиялық науқан жекелеген сауда желілерінде 2017 жылдың 23 желтоқсанында өткізіледі.

Науқанның барысында келесі іс-шаралар өткізіледі:

– қаланың және қоғамдық көліктердің LED қалқандарында бейнероликтерді көрсетілім жасау, аудиороликтерді хабар тарту, республикалық телеарналарда арнайы репортаждарды дайындау, билбордтарда орналастыру арқылы полиэтиленді пакеттердің зиянды әсеру туралы халық арасында кеңейтілген насихатты өткізу;

– үндеу парақтарын тарату мақсатында еріктілерді тарту;

– сауда желілердің кассаларында экопакеттерді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен 2018 жылы полиэтиленді пакеттерді  тегін жүзеге асыруға тыйым салу бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына өзгертулер енгізіледі.

Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын экологиялық науқанға белсенді қатысуға шақырамыз!

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер